Қазақстанға тәлібтерден қауіп бар ма?

2498
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік саясаттанушы Алексей Мухин "Комсомольская правда" радиосында Орталық Азиядағы қандай елге Ауғанстандағы биліктің ауысуымен қауіп төнетінін айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сарапшының сөзінше, Өзбекстан мен Тәжікстан тыныш өмір сүре береді, бірақ өзінің сол жердегі әскери инфрақұрылымын жедел күшейтіп жатқан "Ресейдің кепілдігімен".

"Түрікменстанға "қорқу" керек. Түрікменстанның әскері өте әлсіз, бірақ ресурстары өте көп. Әрине, белгілі бір кезеңде "Талибан" (Қазақстанда террористік ұйым саналады) үшін бұл стратегиялық маңызды болады", - деді Мухин.

Дегенмен, саясаттанушы Ауғанстан халықаралық терроризмнің ошағы болатынына күмән келтіреді. Мухиннің айтуынша, қазір бұл үшін ешқандай сыртқы себептер жоқ.

"Дегенмен АҚШ бұған алғышарттар жасап кетті: олар Ауғанстанның ресми билігінің қаражатын банктерінде бұғаттап қойды және Халықаралық валюта қоры арқылы көп қару қалдырып кетті. Олар аш, бірақ қарулы адамдар армиясын құрды", - дейді ол.

Бұл әрекеттер, сарапшының пікірінше, сұрақтар туғызады, өйткені "Талибан" АҚШ-та да террористік ұйым деп танылған.

Пікірлер