Берік Имашев қайта ОСК төрағасы болып тағайындалды

335

Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.

Айта кетейік, ол алғаш  2016 жылдың 13 қыркүйегінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына келген болатын. Бұған дейін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары, Әділет министрі қызметтерін атқарды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы