Данияда коронавирусқа байланысты енгізілген барлық шектеу жойылды

2288
Adyrna.kz Telegram

Дания билігі бүгіннен бастап коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген соңғы шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Вакцина мен халықтың күш-жігері осындай ұзақ кезеңде мықты болудың негізі болды", - деді Денсаулық сақтау министрі Магнус Хойнике.

Министрлік вирустың қоғам үшін қауіпті емес екенін атап өтті.

Енді ел мейрамханаларға, спорт орталықтарына немесе түнгі клубтарға кіру үшін вакцинаны талап етпейді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер