Ұлықбегзавр Өзбекстаненсиспен таныс болыңыз

330

Нагоя университетінің жапондық мамандары Өзбекстанда алып динозаврдың қалдықтарын тапты. Олар бұл диназаврды планетада бұрын-соңды болмаған ең күшті жыртқыштардың бірі болған дейді. 

"Ulughbegsaurus uzbekistanensis" деп аталатын динозаврдың ұзындығы сегіз метрге жетіп, салмағы бір тоннадан асады. Оның 15 сантиметр болатын азу тістері болған. Динозавр ХV ғасырда астрономия мен математикаға қосқан ғылыми үлесін ескере отырып, Ұлықбектің құрметіне аталды.

Талдау көрсеткендей, бұл жыртқыш кем дегенде 90 миллион жыл бұрын - тираннозавр пайда болғанға дейін өмір сүрген. Бұл тіршілік иесі Carcharodontosaurus деп аталатын топқа жатады. Динозавр Қызылқұм маңында көп болған деген болжамдар бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы