Талибан билігі АҚШ пен БҰҰ-нан қара тізімнен шығаруды, мәмілеге келуді сұрады

2850
Adyrna.kz Telegram

Талибан радикалды қозғалысының өкілдері АҚШ пен БҰҰ-нан өздерінің мемлекеттік құрып, билікке келіп, саяси механизмдерін қалыптастырып, функциональді рөл атқаратынын мойындап, қара тізімнен шығаруды сұрап, мәмілеге келуге  шақырды. Бұл жайында тәліптердің өзі мәлімдеме жасаған болатын.

«Пентагон біздің Ислам эмиратын мен Хаккани Сахибтың министрлер кабинетіндегі тұлғаларды мойындамай отыр әрі оларды қара тізімнен шығармады. АҚШ-тың бұл әрекетін Доха келісімін бұзу деп білеміз. Сондықтан АҚШ-тың біздің ресми билікті мойындауы не АҚШ-қа, не болмаса Ауғанстанға зиян келтірмейді»,- деп мәлімдеме жасады Талибанның көшбасшылары.

Бұдан кейінгі Ауғанстанның ресми билігі Талибан радикалды қозғалысының қолында болатынын тәліптердің көшбасшылары дәлелдеп бағуда. Қазіргі уақытта Талибан радикалды қозғалысын БҰҰ-ның немесе әлемнің көптеген елдері ресми билік деп мойындаған жоқ.

Халықаралық қауымдастық қазіргі уақытта Талибанның ресми билікке келуі мен оның рөлі алдағы уақытта қандай боларын да ашып айта алмай отыр.  

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер