Илон Маск жариялаған жарыста қазақ баласы финалға шықты

5025
Adyrna.kz Telegram

Илон Маск жариялаған дүние жүзілік, инженерлік жарыстың финалы осы сенбі-жексенбі Лас-Вегаста өтпек. Бір қара домалақ қазақтың баласы бастаған инженерлік тобы финалға дайын. 400 астам топтардан финалға 12 топ қана шықты.

Бір жылдың еңбектері қалай аяқталады екен? Мұндай күрделі жағдайда америкалық визаны алып қалу, спонсорларды тауып алу, олардың алдында әр тиін үшін есеп тапсыру, прототипті жасап шығару және оны Америкаға апару оңай болған жоқ. Дегенмен бәрі жүзеге асырылды. Құдайға шүкір, енді тек финалдың өзі ғана қалды. Бұндай жұмысты ұйымдастыру - өзі үлкен халықаралық тәжірибе.

Енді финалда сәттілік тілеймін! Иә, финалға шыққан басқа топтар да мықты ғой, әлемдік жарыстың аты әлемдік жарыс қой. Бұрақ бұндай тәжірибенің өзі үлкен жетістік деп білем.

Сәттілік пен табыс болсын, балам! Анау алыс Америкада сені қазақ халқымыздың әруақтары қолдасын! Ақ жол, жеңіс тілеймін!

Мұхтар ТАЙЖАННЫҢ 

фейсбук парақшасынан

Пікірлер