Қазақстан: Карантин режимі күшейтілді

381

Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. 

Адам көп шоғырланатын шаралар өткізуге тыйым салу, жасы 65-тен асқан адамдардың қоғамдық орындарда жүріп-тұруын шектеу шаралары жалғасатын болады.

Ұлттық құрама мен клубтық командалардың (30 адамнан аспайтын) жаттығуына рұқсат берілді. Сквер, саябақ пен жағалаулар бұрыңғы режимде жұмыс істей береді.

Қоғамдық транспорт санын көбейту тапсырылды.

Қаулы 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Оның толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

“Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар