БЕРІК СҰЛТАН: Мен мешіт салуды армандасам, миллионер тұтас қала салмақ

643

Ұялып кеттім. Мен мешіт салсам, құран жаттайтын медресе салсам, Африкаға барып құдық қазсам деп армандаймын. Алдыма соны мақсат етіп қойдым.

Бірақ бүгін Марк Лордың мақсатын оқып өз мақсатымның(арманымның) төмен деңгейде екенін сезіндім. Марк менен бар жоғы 17-ақ жас үлкен. Алла ризығын мол етіп берген Америкадағы атақты миллионер. Танымал Уолмарт супермаркет желісінің басшысы. Сол Марк Лор ҚАЛА салмақ. Қалаааа!

Оған 400 млрд доллар кетеді екен. Қала шөлдің ортасында орналасады. Экологиялық таза болады. Қалада көлік жүрмейді. Барлық жағдай қарастырылған. 60 мың гектар жерде сәулетті, ерекше стилдегі, 5 млн адам тұратын заманауи қала болмақ екен, бұйыртса! Осындай үлкен тірлікті ойлау, биік мақсатқа ұмтылу - даралық! Алла оған ақшамен қоса бас та берген екен. Осындай адамдарға қызығамын ғой.

Осы жаңалықты оқыдым да 4 қабырғадан тұратын ғимарат салуда ғана ойлап жүргеніме ұялдым. Әлі өсуім, дамуым керек екен. Алла мені бір ауыл не бір мемлекетке ғана емес, адамзатқа пайдасы тиетін құлдарынан етсін!

Пікірлер
Редакция таңдауы