«Алатау» дәстүрлі өнер театрында қуанышты жаңалық!

3668
Adyrna.kz Telegram

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналу керек екені анық. Мұндай жағдайдағы адамдардың қоғамнан тыс қалмауы – олардың қалыпты әрі толыққанды өмір сүруіне үлкен мүмкіндік. Бұл – келешек кепілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдардың әрқашан мемлекеттің ерекше назарында болуға тиіс екенін айтқаны белгілі.

Болгарияда 28 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында шашкиден мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы II орын алды. «Алатау» дәстүрлі өнер театры Көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру қызметінің студия басшысы Әлім Меңдібаев аталмыш Құрама командада болды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттері шыңдала берсін!

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры
Әдебиет бөлімінің басшысы

Пікірлер