Әкімдердің қызметі қандастар мәселелерінің шешілуі бойынша бағалануы тиіс

360

«Отандастар қоры» КЕАҚ бұл туралы ұсыныстарын жаңадан әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2022-2026жж. Тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына және басқа да мүдделі орталық мемлекеттік органдарға бұрында да жолдаған болатын. Бұл жайында «Отандастар қоры» Қоғамының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауын талқылау кезінде Қоғам вице-президенті Мағауия Сарбасов айтты.​

«Атажұртқа табан тіреген ағайын үшін жергілікті атқарушы органдардың қолдауы қажет. Әкімдер жұмысының тиімділігі, басқа да көрсеткіштермен қоса қандастардың бейімделуі бойынша көрсеткен көмектер негізіндегі көрсеткіштермен өлшеніп, бағалануы тиіс.

Аталған ұсыныстар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан тиісті қолдау табады деген сенімдеміз, - дейді Мағауия Қанапияұлы.
Жиынға Қоғам басшылығы, сарапшылар, қоғам белсенділері, журналистер мен студент жастар қатысты.

Іс-шара аясында қатысушылар Жолдауда айтылған білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, тұрғын-үй құрылысы және тағы басқа салаларға енгізілетін оң өзгерістерге қолдау білдіретінін жеткізді. Осы орайда, Қоғам вице-президенті Мағауия Сарбасов мемлекет тарапынан елге оралған ағайындар мен шетелде тұратын қандастарды қолдауға арналған түрлі жобалармен таныстырды.

Пікірлер
Редакция таңдауы