Қазақстан тұмауға қарсы 2,5 миллион доза ресейлік вакцина сатып алды

3066
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда маусымдық тұмауға қарсы вакцинация басталады, бұл үшін 2,5 миллион доза ресейлік вакцина сатып алынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице -министрі Марат Шоранов мәлім етті, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Ол Қазақстанда 15 қыркүйекте ЖРВИ мен тұмауға қарсы вакцинация басталатынын айтты.

«Бас санитарлық дәрігердің тиісті қаулысы қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, осал топтар мемлекеттік бюджет есебінен егіледі. Бұл, ең алдымен, балалар, медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған адамдар, балалар білім беру ұйымдарының, ат -анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың және т.б.», - деп қосты Шоранов.

Оның айтуынша, тұмауға қарсы вакцинация жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке қаражаты есебінен де жүргізілетін болады.

«Тұмауға қарсы ақылы вакцинация тұрғылықты жері бойынша емхананың жеке егу орталықтарында және екпе бөлмелерінде жүргізіледі. Гриппол плюстан бөлек, Қазақстанда үш өндірушіден тұмауға қарсы тағы төрт вакцина тіркелді», - деп қорытындылады Шоранов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер