Ресейдің төтенше жағдайлар министрі оқыс жағдайда қаза тапты

3293
Adyrna.kz Telegram

Ресейде Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Евгений Зиничев қаза тапты. Зиничевтің қайтыс болғаны туралы ақпаратты оның әріптесі растады.

Кейін ТЖМ министрдің қайтыс болғанын ресми түрде растады. "Төтенше жағдайлар министрлігінің бастығы Евгений Зиничев Норильск қаласында Арктикалық зонаны төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі ведомствоаралық оқу-жаттығу кезінде адам өмірін сақтап қалу барысында қайғылы қаза тапқанын хабарлаймыз", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. .

8 қыркүйек күні таңертең Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Краснояр өлкесіне жұмыс сапары аясында Зиничев облыс губернаторы Александр Усспен бірге Норильскіде жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысын тексергенін хабарлаған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер