Коронавирусқа қарсы иммунитетті көтеретін 30 үздік тағам

3577
Adyrna.kz Telegram

Күн сайын COVID-19-ға қарсы вакцина алатын адамдардың саны артып келе жатқанына қарамастан, әбігерге салған коронавирустың әлі күнге дейін барлық әлемде кеңінен таралып жатқанын да естен шығармағанымыз жөн.

Әлбетте, COVID-19 инфекциясының алдын алатын тағамдар болмаса да, вирустық симптомдарды барынша азайтатын және денсаулығыңызды сақтайтын көптеген әдістер бар. Күз мезгілі - денсаулығыңызды күтіп, құрамында С дәрумені бар қоректік заттарды көбірек тұтынуға, сонымен қатар қолды дұрыс жуу сияқты гигиеналық шараларды сақтауға тамаша уақыт!

Коронавирустың таралуын тоқтатудың ең жақсы әдісі - бұл әлеуметтік қашықтықты сақтау және мүмкіндігінше үйде болу. Бірақ сіз иммунитетіңізді күшейтетін келесі тағамдарды тұтыну арқылы өзіңізді індеттен барынша қорғай аласыз.

1. Кеспе қосылған үйдің тауық сорпасы

Тауық сорпасы - суық тию мен тұмау кезеңінде аман қалудың таптырмас тағам ретінде белгілі. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің мәліметі бойынша, бұл сорпа қабынуға қарсы әсерге ие және суық тию кезінде пайда болатын жоғарғы тыныс жолдарының қабынуын тыныштандырады екен. Университет сонымен қатар сорпа мұрынның бітелуін жеңілдетуге көмектеседі дейді.

2. Зімбір шайы

Суық тиюді емдеу туралы айтатын болсақ, зімбір - ауруды жеңілдететін ең жақсы тағамдардың бірі екендігіне көзіміз жетеді. Халықаралық профилактикалық медицина журналында жарияланған мәліметке сәйкес, зерттеушілер зімбірдің қабынуға қарсы күшті қасиеттері суық тию мен тұмаудың алдын-алуға айтарлықтай көмегі зор деп қорытындылады.

3. Апельсин

Егер сіз иммунитетіңізді көтергіңіз келсе, С дәруменіне бай шырын жемісті апельсин таптырмас маңызды қоректік зат болып танылады. Австралия ұлттық университетінің эпидемиология және қоғамдық денсаулық орталығының зерттеуіне сәйкес, С дәрумені суық тиюдің алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, суықтың ұзақтығы мен ауырлығын төмендетеді екен.

4. Куркума

Бұл дәмдеуіш сіздің келесі түскі асыңызға дәм беруден бөлек: құрамында куркумин деп аталатын күшті қабынуға қарсы қосылыс болғандықтан иммунитетіңізді көтеруге ықпал етері сөзсіз. (Дәл осындай қосылыс куркумаға тән ашық сарғыш-сары түс береді) Клиникалық иммунология журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, куркумин иммундық жүйеңіздегі денсаулық үшін күресетін негізгі жасушалар болып табылатын Т жасушаларының механизмін белсендіреді.

5. Су

Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз,  H2O денсаулығыңызды жақсартуда таптырмас ең пайдалы сусындардың бірі болуы мүмкін. Майо клиникасының пікірінше, суды көп ішу асқазанда жиналған барлық шырыштан арылуға көмектеседі екен. Иммунитетіңізді толығымен жақсарту үшін күніне кем дегенде сегіз стакан су ішіп көріңіз, өйткені біз ауырған кезде көп сұйықтық жоғалтамыз, дейді Майо клиникасы.

6. Грек йогурты

Грек йогурты - ауруға қарсы түрлі пробиотиктерге толы және құрамында қарапайым йогуртқа қарағанда ақуыз көп кездеседі. Корейлік отбасылық медицина журналында жарияланған мета-талдау грек йогуртының суық тиюдің алдын алуға және емдеуге көмектесетінін көрсетті. Зерттеушілер пробиотиктерді күнделікті тұтынатын адамдардың суық тию қаупі пайдаланбаған адамдарға қарағанда төмен екенін анықтады.

7. Қаражидек

Қаражидек - жөтел мен суық тиюді емдеуге және алдын алуға көмектесетін антиоксиданттарға бай. Окленд университетінің зерттеуіне сәйкес, қаражидек құрамындағы антиоксиданттарды, флавоноидтарды тұтынатын адамдардың суық тию ықтималдығы қаражидекті тұтынбайтын адамдарға қарағанда 33% -ға төмен екені расталды.

8 Женьшень шайы

Женьшень шайы тек керемет дәмімен ғана танымал емес. Атап айтқанда, шай жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясын емдеуде, суық тиюде кеңінен қолданылады. Канадалық медициналық қауымдастық журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, женьшень суық тию мен тұмау белгілерін едәуір төмендетендігі айтылған. Алайда, зерттеушілер женьшеньнің иммунитетті көтеру туралы мәлімдемелерін толығымен растау үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет екенін атап өтті.

9. Қызанақ

Қызанақ - С дәруменінің жоғары концентрациясына байланысты ауырған кезде жеуге болатын дәмді тағам. Тек бір орташа қызанақта 16 миллиграммнан астам С дәрумені бар, бұл сіздің иммунитетіңізді көтеру үшін дәлелденген мықты отын болмақ. Неміс зерттеушілері С дәруменіндегі иммундық жүйенің екі негізгі компоненті - фагоциттер мен Т - жасушалар маңызды құрамдас бөліктер болып табылады дейді.  Сондай-ақ, бұл қоректік заттардың жетіспеушілігі иммундық жүйенің әлсіреуіне және кейбір қоздырғыштарға төзімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін айтады.

10. Албырт 

Албырт құрамында суықтың барлық белгілерін жеңілдетуге көмектесетін мырыш кездеседі. Егер сіз өз отбасыңызды, әсіресе балаларыңызды осы күзде суық тиюден барынша сақтағыңыз келсе, оларға мырышқа бай тағамдарды көбірек беруіңіз керек. Journal of Family Practice журналы 1 мен 10 жас аралығындағы балалардың суық тиюіне мырыштың беретін әсері туралы зерттеу жариялады.

Зерттеушілер мырыш, плацебоға қарағанда, суықтың белгілері пайда болғаннан кейін 24 сағат ішінде қабылдағанда симптомдардың ауырлығы мен ұзақтығын едәуір төмендететіне тоқталды.

Сонымен қатар зерттеушілер 6,5 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға қатысты тағы бір зерттеуінде, мырыш суықтың алдын-алудың пайдалы құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Жеті ай бойы күн сайын 15 миллиграмм мырыш қабылдаған балалардың тұмау кезінде суық тию ықтималдығы бақылау тобындағы балалармен салыстырғанда едәуір төмен екендігі анықталды.

11. Қара шоколад

Қара шоколад суыққа қарсы күресте өте пайдалы. Қара шоколад құрамында жөтелді басатын антиоксидант теоброминнің жоғары концентрациясы бар. Frontiers in Pharmacology журналында жарияланған зерттеуде теобромин бронхитпен ауыратын адамдарда жөтел белгілерін басуға көмектесетіні анықталды, бірақ нәтижелерді толық растау үшін қосымша зерттеулер қажет екені мәлім болды.

12. Қызыл бұрыш

Қызыл бұрыш - С дәруменіне бай суық тиюден қорғайтын тағы бір таптырмас тағам. 2013 жылғы Harvard Health Letter зерттеуі көрсеткендей, күнделікті 200 миллиграмм С дәруменін қабылдау "өте белсенді" адамдар үшін суық тию қаупін екі есе азайтады екен. Сондай-ақ, қызыл бұрыш суық тию симптомдарының ұзақтығын ересектерде 8% - ға, балаларда 14% - ға қысқартатыны анықталды.

13. Брокколи

Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің зерттеушілері: егер сіз суықтың алдын алуға тырыссаңыз, брокколи сіздің диетаңызға керемет таңдау бола алады деп хабарлады. Зерттеулерге сәйкес, брокколи иммунитетті көтеруге айтарлықтай көмектеседі.  Оның бойындағы химиялық сульфорафан құрамында антиоксидантты гендер мен белгілі бір иммундық жасушалардағы ферменттер бар, олар сіздің денеңіздегі бос радикалдармен күреседі және аурудың алдын алады дейді.

14 Зәйтүн майы

Зәйтүн майы иммунитетіңізді қалпына келтіруге және нығайтуға барынша көмектеседі. Британдық Journal of Nutrition журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, зәйтүн майының құрамында қанықпаған май қышқылының көп мөлшері денеде қабынуға қарсы агент ретінде әрекет ететіні анықталды. Қышқылдар иммундық жүйені нығайтуға және денені инфекциядан қорғауға да ықпал ететіні мәлім болды.

15. Көк шай

Көк шай - салмақ жоғалту үшін ұсынылатын ең жақсы шайлардың бірі ғана емес, сонымен қатар суықпен күресудегі ең үздік тағамдардың бірі екені анықталды. Үнді Пародонтология қоғамының журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, құрамында иммунитетті арттыратын антиоксидант флавоноидтар және қабынуға қарсы қасиеттері бар екен. Сараптамада көк шайда кең таралған антиоксидантты катехин суық тию мен тұмау вирусын тудыратын бактерияларды өлтіруі мүмкін делінген.

16. Шпинат

Шпинат - денсаулыққа жалпы пайдасы бар ең жақсы тағамдардың бірі. Ол ас қорытуды реттейтін талшыққа ғана бай емес, сонымен қатар құрамында С дәрумені бар қуатты қоректік зат болып табылады. С дәрумені суықтың алдын алуға және аурудың белгілерін азайтуға көмектеседі.

17. Дәнді нан

American Journal of Clinical Nutrition журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, дәнді дақылдар қабынуға қарсы қасиеттерге ие, олар пайдалы бактериялардың көбеюіне мүмкіндік береді. Сіздің иммундық жүйеңіздің 70%-ы ішекте орналасқан, сондықтан суық тиюді тудыратын микробтармен күрескіңіз келсе, денсаулықты сақтап, дәнді дақылдарды көбірек пайдалану өте маңызды.

18. Жұмыртқа

Жұмыртқа, әсіресе оның саруызы иммунитетті көтеретін қоректік заттарға бай. Жұмыртқада Д витамині көп, ол иммундық жүйені реттеуге және нығайтуға қажет. JAMA журналындағы зерттеуге сәйкес, қыста күн сайын Д витаминін қабылдайтын адамдар суық тиюге немесе басқа респираторлық инфекцияларға сирек шалдығатыны анықталды.

19. Сарымсақ

Сарымсақ - суықтың алдын-алатын жақсы тағамдардың бірі ретінде беделге ие болды. Кохран мәліметтері базасында жарияланған тағамдық шолу: үш ай ішінде сарымсақ жеген зерттеуге қатысушылар тобында жалпы суық тиюдің 24 жағдайы болғаны анықталды, бұл 65 жағдаймен салыстырғанда айтарлықтай төмен дейді бақылау тобы. Дегенмен, зерттеушілер сарымсақтың суыққа шынайы әсерін растау үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет екенін атап өтті.

20. Алма

«Алма күн сайын бір дәрігерді құтқарады» - бұл сөздер әйелдердің кезінде жазып кеткен ертегісі ғана емес, алма шынымен іс жүзінде суық тию сияқты түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Nutrition Journal журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, бұл жемістің құрамында фитохимиялық антиоксиданттар бар. Бұл антиоксиданттар иммунитетті көтеруге және созылмалы аурулардың қаупін азайтуға көмектеседі.

21. Жаңғақтар

Жаңғақтардың көпшілігі Е дәруменіне толы, бұл аурумен күресу үшін өте маңызды. Journal of the American College of Nutrition журналында жарияланған зерттеу бойынша күн сайын 50 миллиграмм Е дәруменін қабылдау суық тию қаупін 28% төмендетуге көмектеседі. Алайда, зерттеушілер суық тиюдің алдын алуда Е витаминінің әлеуетін толық растау үшін қосымша зерттеулер қажет екенін атап өтті.

22. Ақ түсті тунец

Лосось сияқты, ақшыл ақ түсті тунец мырышқа бай. Кокран жүйелі шолу дерекқорында жарияланған зерттеуге сәйкес, бұл қоректік зат сіздің иммундық жүйеңізге қатты әсер етеді және суық тию белгілерін айтарлықтай азайтуға көмектеседі екен. Зерттеу көрсеткендей, күніне кемінде 75 миллиграмм мырыш қабылдаған адамдар суық тию белгілерін аз уақыт ішінде жақсартады.

23 Розмарин

Розмарин  - нан өнімдеріне қосылатын дәмді шөп қана емес, сонымен қатар қабынуға қарсы антиоксиданттардың бай құнды тағам болып табылады. Зерттеулер бойынша розмариннің ас қорыту мен ішек ауруларын жақсартуға көмектесетіні,  сондай-ақ иммунитетті күшейтетені мәлім болды.

24. Сүйекті сорпа

Жануарларға негізделген сүйекті сорпа көптеген аурудың алатын таптырмас тағам болып табылады. Американдық дәрігерлер колледжінің зерттеуіне сәйкес, сүйекті сорпа ағзаға қарсы қабынуға әсер беретіндігін, сондай ақ суық тиюдің негізгі белгілерін жеңілдетуге әкелетінін мәлімдеді.

25. Устрицалар

Устрицалар басқа да теңіз өнімдері сияқты мырышқа өте бай және сіздің рационыңызға мырышты тұтыну үшін ең көп ұсынылатын теңіз өнімдерінің бірі болып есептеледі.

26.Табиғи бал

Табиғи бал тек дәмді ғана емес, сонымен қатар суықтың кейбір белгілерін жеңілдетуге көмектесетін таптырмас тағам түрі. Иран медицина журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, бал тамақтың ауыруы мен қышуын жеңілдетуге көмектеседі екен. Зерттеу сонымен қатар балдың бактерияға қарсы агент ретінде әрекет ететінін, ауруды тудыруы мүмкін ағзадағы кез келген микробтарды өлтіретінін айтады.

27. Мисо

Мисо соядан жасалады, оның құрамында иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін изофлавонды антиоксиданттар бар. American Journal of Clinical Nutrition журналында жарияланған зерттеуге сәйкес соя өнімдерінің антиоксидантты құрамының арқасында адам ағзасындағы қабынуды азайтып, иммунитетті көтере алатыны анықталды.

28. Саңырауқұлақ

Флорида университетінің азық -түлік және ауылшаруашылық ғылымдары институтының зерттеуі бойынша, саңырауқұлақтар иммунитетті көтеруге өте пайдалы. Зерттеулерге сәйкес төрт апта бойы күн сайын саңырауқұлақтарды жеген қатысушылар иммунитетті күшейтетін Т-жасушаларының саны мен күшінің едәуір өскенін көрсетті. Олар сондай-ақ қабынуды тудыратын ақуыздардың азаюын байқады, бұл саңырауқұлақтар қабынуға қарсы агент ретінде әрекет ететінін дәлелдейді.

29. Анис шайы

Анис шайы - антибактериалды заттарға және саңырауқұлақтарға қарсы агент ретінде белсенді әрекет етеді. Зерттеуге сәйкес анис шайы вирусқа қарсы құрал ретінде әрекет ететіні және оның құрамында иммунитетті көтеруге көмектесетін антиоксиданттар бар екеніні анықталды.

30. Фенхель

Фенхель -  тұмауға ұқсас белгілерден арылуға көмектесетін бірқатар тыныштандыратын әсерлерге ие. BioMed Research International-да жарияланған зерттеуге сәйкес, фенхель құрамында фитохимиялық заттардың көптігіне байланысты конъюнктивитпен, диареямен, безгекпен және іш ауруларын тыныштандыратын механизм ретінде белсенді әрекет ететіні анықталды.

Зарина ӘШІРБЕК,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер