Арман Шорай: Казатомпром Ресейге сатылмасын!

8387
Adyrna.kz Telegram

Белгілі қоғам белсендісі Арман Шорай Казатомпромды Ресейге сату мәселесін көтеріп, барша қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Қоғам белсендісі бүгін өзінің инстаграм парақшасында еліміздің мұнай, алтын, т.б. көптеген қазба байлықтарын онсыз да шетелдіктерге сатуын сатып, енді сатылмаған уран қалғанына қатты шүйрікті.

- Сол уранның запастары бойынша біз әлемде №1 болып таныламыз. Маған жеткен ақпарат бойынша, біздің ұлттық компаниямыз Казатомпром жуырда жекешелендіруге шығуы әбден ықтимал. Ол біздің намысы жоқ, оңбаған ағашкаларымыздың ойлары және олар өздеріне ғана сатып қоймай, ары қарай сол Казатомпромды ресейліктерге сатпақшы,- дейді Арман Шорай.

Сөз соңында, қоғам белсендісі: "Ол деген не? Ол деген біздің ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен нұқсан келтіру. Жалпы ары қарай жеке өз-өзіне сенген мемлекет болып танылуымыз екі талай. Бұл Тәуелсіздігімізді сату!",- деп өз ренішін білдірді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер