Областың жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен вебинар-кеңес өткізілді

334

Ағымдағы жылдың 06 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Л.М. Бейсеқұлованың төрағалығымен аудан, қала әкімдіктерінің аппарат басшыларының қатысуымен "ZOOM" бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн кеңес өткізілді, онда бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Департамент басшысы Л.Бейсеқұлова Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу туралы баяндама жасады, оның барысында іріктеудің негізгі талаптары, кезеңдері, сондай-ақ өтінімдерді беру қалай жүзеге асырылатыны туралы айтып, мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін іріктеуге қатысуға шақырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеде мемлекттік қызметшілердің жаңа лауазымдық жалақысы туралы айтылды. Қазіргі уақытта, облыстың жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды мемлекеттік органның миссиясына, стратегиялық жоспарына және атқаратын функционалдық міндеттеріне байланысты блоктарға бөлу жөніндегі жұмыстар қарқынды атқарылуда.Іс-шара барысында қойылған сұрақтардың барлығына толыққанды жауаптар берілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті

Пікірлер
Редакция таңдауы