Twitter Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің парақшасын бұғаттады

2279
Adyrna.kz Telegram

Twitter Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің парақшасын бұғаттап салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Берік Уәлидің жеке парақшасы есептік жазбаның тоқтатылғанын көрсетіп тұр. Осы мәселе бойынша:

- Қазіргі таңда Twitter аккаунтымды бұғаттауының себептерін анықтаудамын. Мен техникалық қолдау қызметіне жаздым және олардан түсініктеме күтемін. Өздеріңіз білетіндей, мен Facebook және Instagram секілді әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданамын. Мен осы әлеуметтік желі парақшаларын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы халықты хабардар ету үшін қолданатын боламын, – деп мәлімдеді Берік Уәли.

Айта кетейік, Twitter әлеуметтік желісінің веб-сайтында есептік жазбанының бұғатталу фактісі немесе оның кейбір функцияларына уақыт шектеулерін енгізуі хакерлік шабуылға ұшырағанда, не болмаса оның иесі желі ережелерін я болмаса қызмет көрсету шарттарын бұзған болса парақша "банға" түседі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер