Теннистен Қазақстан-2021 чемпиондары екі миллион теңгеден алады

4468
Adyrna.kz Telegram

13 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы Ұлттық чемпионат басталады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл жарыстарға республиканың барлық аймақтарынан жүзден астам теннисші қатысуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Көптеген жетекші қазақстандық теннисшілер жеңімпаз атағы мен 5000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлық үшін таласады. Ерлер арасында Дмитрий Попко, Тимофей Скатов және Денис Евсеев фавориттер тізімінде. Қыздар арасында Гозал Айнитдинова мен Жібек Құламбаева чемпиондыққа үміткер.

Мүмкін жеңімпаздар тізімінде жаңа есімдер болады. Бұл шешуші кездесулер өтетін 17 қыркүйекте белгілі болады. Сыйлықтан басқа, чемпионат жеңімпаздары республикалық чемпионаттан кейін өтетін Astana ATP 250 және WTA250 кәсіби турнирлеріне «Wild-card» алады.

"Адырна" ұлттық  порталы

Пікірлер