Қазақстан Түркияға ұшатын рейстер санын көбейтпек

464

Қазақстаннан Түркияға ұшатын рейстер саны артады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл шешім ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды.

2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап (Air Astana 17 қыркүйектен, Turkish Airlines 25 қыркүйектен), Air Astana мен Turkish Airlines Алматы - Ыстамбұл бағыты бойынша рейстер жиілігін аптасына 2 рейстен 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай -ақ, 22 қыркүйектен бастап SCAT авиакомпаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен Ақтөбе - Ыстамбұл бағыты бойынша рейстерді бастауды жоспарлап отыр.

Түркияға рейстердің одан әрі көбеюі эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне және Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер санитарлық -эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатын болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар