Өзбекстанда қыздарға мектепке орамал тағуға рұқсат берілді

9579
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның Білім және ғылым министрлігі оқушы қыздардың мектепке тақия киіп, орамал тағып баруына рұқсат берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Sputnik Өзбекстан»-ға сілтеме жасап.

"Біздің ұлттық құндылықтарымызды ескере отырып, қыздарға ақ және ашық түсті ұлттық орамалдарды тағып, мектепке келулеріне және тақия киюлеріне рұқсат етіледі", – делінген ведомство хабарламасында.

ХНО бұл шешім ата-аналардың көптен келіп түскен өтініштеріне байланысты қабылданғанын атап өтті.

"Ертең бәрі мектепке осы формада келуі керек деп ойламаңыз. Егер студент еркін формада жүргісі келсе, оны орамал тағуға мәжбүрлемеңіз", — деп толықтырды Білім және ғылым министрі Шерзод Шерматов.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер