Еліміздің 5 өңірінде дауыл болып, жаңбыр жауады

4442
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/5f039e43a99c0225281754.jpeg
Бүгін еліміздің 5 өңірінде ауа райы бұзылады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Атап айтсақ, Қостанай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ал елдің батысында дауыл тұрып, бұршақ жауады. Метеорологтар Түркістан облысында да таңертеңнен бастап күшті жел тұрып, найзағай ойнайтынын айтады. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында да желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Жаңбыр жаууы ықтимал.

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии