Коронавирус: Пластик құтыдан қорғаныш киім тігіп жатыр

2816
Adyrna.kz Telegram

Таиландта пластик құтыларды кәдеге жаратып, олардан коронавирустан қорғайтын киім тігіп жатыр деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Арнайы киім тігуді Районг провинциясындағы тоқыма фабрикасы қолға алған. Алдымен пластик құтыларды өңдеп, одан жіп еседі. Сол жіптен суға төзімді қорғаныш киімі тігеді.

Фабрика өкілдері бұл өнім коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеушілерге арналғанын айтады.

Мәселен, 18 пластик құтыдан бір қорғаныш киімі тігіледі екен. Өндіріс орны бір жыл ішінде 18 миллион құтыны кәдеге жаратыпты.

– Қорғаныш киімі болмай көп қиындыққа бастан кештік. Себебі ақша болғанмен вирустан қорғайтын мұндай киімдер тапшы болды. Бірақ қазір бұл ауыр кезеңдер артта қалды, — дейді  ғибадатхана қызметкері Пхра Маха Праном Дхаммалангкаро.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер