Тұмауға қарсы екпе аласыз ба?

2326
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе алу науқаны басталады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Елдің Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов осындай құжатқа қол қойды. Міндетті вакциналаудан бірінші кезекте медициналық қызметкерлер өтеді.

Сонымен қатар, екпені денсаулық жағдайына байланысты осал топқа жататын азаматтар алады. Олардың арасында диспансерлік есепте тұрған балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер мен қарттар үйінің қариялары бар.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер