ТАЛҒАТ МАҚСҰТҰЛЫ: Өңірлердегі оқу орнын әкімдіктерге беру керек

1133

 М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев «Азаматтық алаңда» осылай деді.  

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, облыс әкімдері өз аймағындағы білім саласының сапасына жауапты болған кезде ғана білім саласында айтарлықтар жетістіктерге жетеміз.

"Өңірлердегі жоғары оқу орындарын ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан облыс әкімдері мен жергілікті атқарушы органдарға беру керек. Егер әкімдердің білім саласына жауапкершілігін арттырсақ, бірден нәтижесін де байқаймыз. Білім және ғылым министрлігі тек білім саласындағы мемлекеттік саясатқа жауап беріп, процесті қадағалауы қажет", - деді ол.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы