Кәмелетке толмаған қыз өз үйінде зорланды

6304
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/9f57a765-62c7-43ea-a3ed-286686a08e0f.jpeg
Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған қыз баласы өз үйінде зорланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап. 3 қыркүйек күні полицияға Жұбановтар көшесіндегі пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған бала зардап шекті деген ақпарат келіп түскен. Белгісіз біреу есікті қағып, үйде жалғыз отырған қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен.
«Күдіктіні бірнеше сағаттың ішінде анықтап, ұстадық. ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деді тәртіп сақшылары.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии