Есептегі азаматтармен әңгіме өткізілді

362

Алматы облысы бойынша ҚАЖД Қарасай аудандық пробация қызметі, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталған азаматтар арасында карантин талаптарын сақтап, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын орындау, азаматтардың өздерін қоғамдық орындарда дұрыс ұстаулары Кодекс талаптарын бұзған жағдайда салынатын айыппұл көлемі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, өздеріне сот үкімімен қойылған заң талаптарын бұзбауы бағытында әңгіме өткізілді. Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға жергілікті полиция қызметкерлері және пробация қызметкерлері тарапынан тиісті жауаптар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да жалғасын тауып, бірлескен тәрбие жұмыстары жүргізіле бермек.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы