Алматыда 17 жастағы қыз жоғалып кетті

3195
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/07895ecf-60d9-43d9-8796-e302d86d38cc.jpeg
Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған 17 жастағы Ирина Александровна Сизикованы іздестіруде, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында тұратын бойжеткен 2004 жылы 27 сәуірде дүниеге келген. Ол 25 тамызда шамамен 8:30-да үйден кетіп, сол күйі оралмаған. Қыздың таксимен Алматы қаласына, Барахолка ауданына жеткені анықталды. Белгілері: бойы 163 см, көзі көк, шашы ұзын, көк джинсы, көк куртка киген. Аруға қатысты ақпараты бар барлық адамға телефон арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 705 770 03 38; 8 705 333 10 33; 8 701 375 92 91 немесе 102.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии