Алматы мектептерінің бірінде 1«Ю» сыныбы ашылды

1125

Жаңа оқу жылында Алматыдағы мектептердің бірінде 1 "Ю" сыныбы ашылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сирек әріптік белгісі бар бірінші сынып Наурызбай ауданында орналасқан № 157 жалпы білім беретін мектепте пайда болды.

Білім ордасы 1-сыныпқа 714 баланы қабылдаған. Оқушылар 28 сынып жиынтығына бөлініп оқиды.

«Alma City, BI Group және "Шұғыла" сынды жаңа ықшам аудандарының салынуына байланысты сынып саны артты. Мектептің жобалық қуаты 1540 балаға есептелген. Қазіргі таңда бұл мектепте 1-ші сыныптан 11-ші сыныпқа 4862 оқушы білім алады. Олар 185 сынып-жиынтыққа бөлінген",- деп мәлімдеді Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар