Бір күнде коронавирустан 114 адам қайтыс болды

280

31 тамызда Қазақстанда коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 114 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Белгілі болғндай, коронавирусы ПТР-тест арқылы анықталған 93 науқас және КВИ белгісі бар пневмониямен ауырған 21 науқас көз жұмған.

Сондай-ақ, дәл осы күні елімізде 460 адамның коронавирустық пневмония жұқтырғаны анықталғн.

2 қыркүйектегі жағдай бойынша, 104 835 адам коронавирустан емделіп жатыр (97 696 КВИ+ және 7 139 КВИ-). Олардың ішінде 22 388 науқас ауруханада, 82 447 науқас үй жағдайында емделіп жатыр.

Науқастар арасында:

1590 адамның жағдайы ауыр
479 адам аса ауыр халде
226 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар