Жарылыстан қайтыс болғандардың отбасына 15 млн беріледі

1573
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы AIBAT жаңалықтар қызметіне эксклюзивті сұхбат беріп, осындай ақпарды жеткізді.

Айтуынша, 15 млн теңгенің 5 млн-ны жергілікті, ал 10 млн-ны республикалық бюджеттен бөлінбек, деп хабарлады AIBAT жаңалықтар қызметі. 

Сондай-ақ, осы отбасылардың банкте несиесі болса, соны да өтеу жағы қарастырылады. Қазір қаржы ұйымдарымен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Қосымша пәтер кезегінде тұрғандары болса, оларға жәрдем беру қолға алынады.

Пікірлер