Ақтөбеде белгісіз біреу алты мектепті «миналап тастады»

3424
Adyrna.kz Telegram

Террорист Ақтөбеде алты мектепті «миналады» деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Облыстық полицейлердің мәліметінше, 1 қыркүйекте сағат 08.30 шамасында No2 орта мектептің электронды мекенжайына Ақтөбедегі алты мектепке (N1, 2, 21, 22, 51 және 56 орта мектептерде) бомба қойылғандығы туралы хабарлама жіберілген.

Оқиға орнына барлық жедел қызметтер мен саперлер тобы дереу жіберілді.

Сондай -ақ, оқушыларды, педагогикалық қызметкерлер мен мектептердің техникалық қызметкерлерін эвакуациялау ұйымдастырылды.

Қазір жасырын хабарламалардың авторын анықтау және ұстау бойынша жедел шаралар жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актісі туралы қасақана жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кету керек, бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер