Келер жылы елімізде ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге артады

3040
Adyrna.kz Telegram

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы көлемі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін артады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында айтты:

«Елімізде ең аз жалақы көлемі 2018 жылдан көтерілген жоқ. Әлемдік коронадағдарыс қазақстандықтардың табысына салдарын тигізді. Оның үстіне ең төменді жалақы көлемі бойынша Қазақстан ТМД-ның бірқатар мемлекеттерінен қалыс қалған. Осы орайда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көлемін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге арттыру туралы шешім қабылдадым. Аталған бастама 1 млн-нан астам қазақстандықты қамтиды. Бұл өз кезегінде көлеңкелі жалақы мәселесін жойып, ел экономикасына оңтайлы әсерін тигізеді. Және сарапшылардың пікірінше бұл ЖІӨ-ді 1,5 есе артуына ықпал етеді», - деп мәлімдеді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау барысында.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер