АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА АЛҒАШҚЫ ТАҒЫЛҒАН АЙЫП
1907-жыл. Шілде айы. Ахмет Байтұрсынов Семей түрмесінен босатылғаннан кейін, қала базарының маңынан бір бөлмелі пәтер жалдап тұрып жатқан.. Оған себеп-- жандармерияның "қаладан шықпайсыз" деген нұсқауы еді.
Түс әлеті болып қалған кез, Ахмет терезе алдындағы столда Крыловтың "Басни" атты кітабының біраз мысалдарын аударған. Қолжазбасын автордың мысалдарымен салыстырып, кей жерін өшіріп,қайта жазып, кейбір мысалдарға өз жанынан қосып, Крылов мысалдарына жаңаша мағына берген, қазақ санасына "жақын" болсын" дегені.
Уақыт сәскеден ауып бара жатқан кез, сырттан біреу есік қаққандай болды. Ахаң барып есікті ашса, алдында жымиып Міржақып тұр. Ахаң інісін көргеніне ерекше қуанып, құшақтап, амандасып, "Кір үйге, төрге шық" деп қолын алмай, құшақтаған күйі Міржақыпты үйге кіргізді.
Міржақып Зайсан жақтағы мектепте мұғалім еді. Түрмеден Ахаңның шыққанын естіп, әдейі амандасуға келіпті. Ахаңда інісін көрмегелі бір жылдай уақыт өткен.
Міржақып төрдегі орындыққа асықпай отырып, амандық саулық сұрады. Ахаң :
--Әкем мен Ақтас ағам айдаудан келгенін білесің ғой. 1902-жылы Сібірден оралып келе жатқанда осы Семейде оларды алдынан күтіп алып, елге қарай шығарып салдым. . Содан бері əке шешемді көруге мүмкіндік болмай жүр. Анда- санда елден хат келеді. Тағы түрмеге қамалғанымды естіп, қапаланып жүрген шығар. Әсіресе, шешем күйзеледі мен үшін. Сол жағы жаныма батады.
--Мен де елдегі жай жапсардан хабардармын. Ақтан ағамыз бен Байтан ағамыз ояз бастығын ұрып, ерлік жасады ғой. Отаршыларға бұл да сабақ.ал Қызбелдегі Асқар ағам сирек те болса, хат жазып тұрады.
--Иә, солайы, солай ау! --деп Ахаң күрсіне бергенде , сырттан есікті ақырын тықылдатып, іле үйге бір орыс қызы кіріп келді. Міржақыптың жаңа келген қонаққа таңғалғанын көріп, қызды іле таныстырды :
--Валентина деген жерлесім. Бұрын Әулиекөлде мектепте мұғалім болып жүргеннен таныспыз. Әуликөлде менің нағашым тұрады ғой. Солардан менің түрмеге түсіп қалғанымды естіп, Семейге келіп, маған күн ара тамақ әкеп тұрды. Мына інімнің есімі Міржақып, Қызбелді естуің бар ма?. Сол жерден. Ақын. --деді. Міржақып орнынан тұрып, басын изеп :
--Танысқаныма қуаныштымын! --деген. Сонда Валентина қазақша сөйлеп ,:
--Қызбелді білгенде қандай! Әулиекөлге жақын жер. Сіз енді қайным боласыз, қазақ дәстүрінде қайнысын тура атымен атамайды деп естігенмін, Сізді Мир Якуб деп атасам бола ма?- деді. Міржақып, оған қуанып :
--Әрине, өзім лайықты псевдоним таба алмай жүр едім, дұрыс болды. Ахмет Міржақыптың Валентинаның сөзіне таңданғанын түсінді. Сосын өзінің қазіргі жағдайын түсіндірді :
--Жаңа айттым ғой , түрмеде жатқанымда тамақ әкеп беріп, кірімді жуып тұрғанын. Қазіргі жалғыз қамқоршым осы. Сол себепті үйленейін деп шештім. Таяуда мешітте некемізді қиямыз. Есімінде "Бәдрисафа" деп өзгертетін болдық --деп Ахаң Валентинаға қарады. Ол :
--Иә, солай келістік --деп басын изеді.
Сосын Валентина: "Кешіріңіздер, мен шәй әзірлейін" деп ас үйге беттеді. Міржақып Ахаңа қарап :
--Аға, құптаймын! Құтты болсын!- деген. Ахаң
--Құпта, құпта ма, Семейде осы Валя мен сенeн басқа маған жанашыр адам жоқ!
Міржақып Ахаңнан жандармерияның түрмеге неге қамаған себебін сұрады. Ахаң түрмеде отырған кезін бажайлап айтып берді :
.--1905-жылы жазылған Петицияның жай -жапсарын жақсы білесің ғой. Соны бұлар әлі тексеріп жатыр екен. Мені отырған кезде бір аптада бір ақ рет тергеуге шақырып отырды. Сұрақтары :
-- Губернаторға жазылған петицияны кім ұйымдастырды",
Петицияға қол жинаған кім", "Сіз ұйымдастырушылардың ішінде болдыңыз ба?"-деген сұрақтар қойды. Мен "қол жинауғада" "ұйымдастыруға қатыспағанымды айттым.
Сол үшін екі ай қамауда ұстады. Жоғары білімді заңгер Жақып Ақбаевта менімен бірге ұсталған , бұлардың нақты дәлелі жоқ, оны да шығаратын шығар --деді Ахаң.
Міржақып, ойында жүрген кейбір елдік мәселерді талқылағысы келіп,қазіргі оқығандар мен қазақ жағдайын сұрады.
--Отаршылдықтағы қазақ жағдайын өзің де жақсы білесің. Біраз үлкен- кішілі мәселелердің басы жаңағы айтқан Петицияда көлтірілген ғой. Сол мәселелерді көтеріп отырғандар қазақ оқығандары. Қазақтың көзі ашық азаматтары күн сайын көбейіп келе жатыр. Ең бастысы сол азаматтардың арасында қазақтың келешегін ойлайтындардың барлығында. Ресейдің бірінші және екінші Думасына қазақтан Тынышпаев, Қаратаев, Бірімжанов, Бөкейханов, Құлманов. Қалменов сияқты алғыр да, ойлы азаматтардың депутат болып өтуіне елдің болашағын ойлаған азаматтар сеп болды. Өкініштісі, үшінші Думаға қазақ елінен депутаттарды билік өткізбей тастады. Бірақ бір нәрсе анық , ол -қазақ оқығандарының Ресей отаршылдығымен күресу үшін ынтымақтасуға бет алған тәрізді. Мысалы, 1905- жылға петиция патша билігін әлі абыржытып жатыр. Ол петицияның қазаққа үлкен пайдасы болды --орыс қазақ мектептерінде оқитын балаларды христиан дініне тарту тоқтап, миссионерлерге шектеу қойылды. Қарашекпенділерге жаппай қазақтың шұрайлы жерін үлестіру баяулады. Бұл қазақ зиялыларының ұйымшылдығынан болған қайырлы іс. Ресей жандармериясының қазақ ұлтжандыларымен қазіргі жанталаса күресуі соның айғағы іспетті. Бізде бүгінгі күні партиялар құрылмай жатыр. Біздің отаршылдарға қарсы күрестегі әлсіздігіміз сонда. Айтпақшы, ана бір жылы батыс аймаққа барып, Әлихан ағамыздың партия құру туралы жиналысына қатыстым деп өзің айтқаның есімде. Сол партия құру мәселесі не болды,? --деп Ахаң Міржақыптан сұраған. Міржақып :
- --Иә, Ойылда өткен ол жиналысқа Әлихан ағамыз шақырған соң, қатысып едім. Ол жақта төрелердің ұрпақтары көп екен. Солардың көбі Ә.Бөкейханов ағамыздың «Конституциялық монархиялық партия құрайық» деген ұсынысына қарсы болды. Жиынға Қаратаев, Құлманов, Досмұхамедовтар қатысты. Әлекеңнің атаған партиясының басшылары Ресейдегі мықтылар екен. Жиынға қатысқандардың ішінде тоғыз адам ғана сол партияға мүше болды. Мен де «монархия» деген сөзден шошып, Әлекеңнің ұсынысын қабыл алмадым.
- -- Ия, қызық екен! Конституциялық монархияның осы күнгі монархиядан айырмашылығы шамалы. «Конституциялық монархия» деген сөз --«Заңға бағынатын монархия» деген ұғымды білдіреді. Конституция жазылғанмен, оған патша бағына ма, бағынбай ма, ол жағы күңгірт болып қала береді. Ал, монархия мен демократияның арасы жер мен көктей --деген Ахаң сонда.
Сол арада Валентина (Бәдрисафа) шәй әкелді.Әңгіме сосын саясаттан шығармашылыққа көшті. Ахаң :
Кітап полкасын көрсетіп :,
--Ана тұрған Крылов мысалдарының біздің өмірімізге лайықты біразын аударып бітірдім. Айтпақшы, "өлеңдерімді жинақтаймын" деп едің, сол не болды ?
Міржақыптың көңілі өсіп, көзі күлімдеп :
--Аха! Алла аузыңызға салған шығар! Бір кітапшадай өлеңдерімді жинап әзірлеп қойдым, жаңа өлеңдерім бола қалса, оларды да қосармын Бірақ қай жерде, қалай бастырамыз?-- деді. Ахаң
--Оныда ойластырып жүргенмін. Орынборда, Қазанда кітап басатын типография бар деп естігенмін. Орынбарда болғанда көрдім де. Тек кітап шығаратын қаржы мәселесін ойласайық. Оны екеулесек, бір жылда жинап қалуымыз мүмкін....
Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып, осы идеяға тоқайласып, Міржақып Зайсанға жолға шығып,Ахмет ойында жүрген "Маса" атты екінші кітапқа өзінің өлең жырларын топтастыруға кіріскен.. Айтпақшы, Ахаң сол жолы Міржақыпты жолға шығарып тұрып :
"Маңайыңа абай болғайсың. Адамдарменде байқап сөйлес, байқап сөйле. Отырған кезде байқадым және заңгер азамат Ақбаевтан естідім --жандармерия "Петицияға қатысы бар ау" деген оқығандардың бәрінің артына тыңшы салып қойыпты. Байқап жүр!--.деген
"Қырық мысал", "Оян қазақ!" және А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ЕКІНШІ ҚАМАЛУЫ
Семей қаласы. (Семей қаласы ол кезде уез орталығы ретінде Батыс Сібір губерниясына қарайтын). 1908- жыл, Қыркүйек айының ортасы.. Күн ашық болғанмен, күздің ызғарын сездіргендей салқын жел есіп тұр, Сарғая бастаған ағаш жапырақтары жерге түсіп жатыр.
А.Байтұрсынов Семей қалалық семинариясының атқарушы директоры қызметіне орналасқан. Жұбайы Бәдрисафа екеуі Ертіс өзеніне жақын, орыс көпесінің ауласындағы екі бөлмелі үйді жалға алып, тұрып жатқан. Ахаң мен Бәдрисафаның мешітке барып, неке қидырғанынада бірер ай өткен. Ахаңның сүйіп алған жары мұсылмандықты қабылдап, БӘДРИСАФА МҰХАМЕДСАЛДЫҚ ҚЫЗЫ тегін алған.
Ахаң семинариядан бесін кезінде шығып, мінген арбашы тарантасынан, Ертістің жағасынан түсіп қалған. Өзеннің күзгі көрінісі керемет, Ахаң соны тамашаламақ болып, жағалаудағы томардың үстіне отырды. Күз болғанына қарамай, өзеннің ағысы тоқтамаған, екпінді, алабы кең. Шағалалар шаңқ -шаңқ етіп өзен үстінде ұшып жүр. Сәл алыста қоңыр үйректердің тобы қарауытады. Әр жерде қармақпен балық аулап отырғандар да бар екен.
Ахаң осы суреттерге көз салып, туып өскен Сартүбектің ар жағындағы Жыланшық өзенін есіне алды, жар қабақты, тасты, тал- тоғайлы ерекше өзен еді Ахаң көрген кезде.
Жастық шағы Торғай өзені жанында өтті, сонда бір рахаттанып, суға сүңгіп, шомылмапты. Торғай өзені Ертістей үлкен болмағанымен, көктем кезінде жарқырап, жайылып кететінін еске алды. Өз өмірінің соңғы жылдары Қарқаралы, Семейде өтіп жатыр. Қазақтың оқыған біраз адамдарымен танысты. Уездің бай, пысық саудагерлерінде көріп жүр. Соның ішінде Қазақтың келешегін ойлайтын адамдарды да көрді, танысты. 1905- губернаторға, Ішкі істер министріне жазылған Петицияға қатысты өзі де айыпталып, екі ай қамауда болғанын ұмытар ма! Содан кейін Ахаң әуелі қазақ қоғамының, жұртының сауатын ашып, санасын жаңартып барып, отаршылдыққпен күресуге болатынын ұқты. Сол бағытта біраз қадамдар да жасаған Ахаң. Орыс әдебиетінен
И.Крыловтың мысалдары орыс қоғамының ой санасын жаңғыртуға үлкен әсері болғанын жақсы білетін. А.Байтұрсынов сол Крыловтың МЫСАЛДАРЫН аударып та қойған., соны кітап етіп шығару мәселесі шешілмей жатқан. Соны естіген Ә,Бөкейханов Думаға депутаттыққа үміткер кезінде "Орыс География қоғамындағы" біраз оқығандар, жергілікті чиновниктер жиналған кезде "Ахмет Байтұрсыновтың "ҚЫРЫҚ МЫСАЛ" атты атақты Крыловтан аударған мысалдарын баспадан шығару мүмкін болмай жатыр" деп мәселе көтергенін Ахаң Ертістің жағасында отырып есіне алып, жылы жымиып, күлді. . Соның да ықпалы болған шығар Ахаң Петербордан " Қырық мысалды" шығаратын баспа тауып, жазбаларын сонда жіберген. Ақылдасып, , Міржақып Дулатовтың кітабын Уфадан шығаратын баспа табылып, ақшасы төленіп, оныңда қолжазабасы сонда жіберілген.
Ахаң өзен жағасында біраз ой жаңғыртып, үйге беттеген. Кіре беріс есікті ашқанда Бәдрисафа ерекше қуанышты өңмен қарсы алған. Бәдрисафа Ахаңның бетінен сүйіп (Ахаңда сондай ілтипатпен Бәдрисафаның бетінен сүйді), костюмын ,қалпағын шешіп, іліп, Ахаң отырғаннан кейін,
-- Сүйінші бересіз, екі поселке, бір хат келді- деді.
--Әрине, қалаған сүйіншіңді аласың, Бәден! Ол не хат?
Бәдрисафа екі шағын поселке мен бір хатты Ахаңның қолына ұстатты.Хат Батыс Сібір губерниясының Ішкі істер департаментінен келген екен. Онда:
" Сіздің 1907-жылы Ішкі істер министрлігіне жіберген өтінішіңізге орай, қырғыз тілінде газет шығаруға рұқсат берілді. Шығарылатын газеттің не мақсат көздейтінін, онда жарияланатын материалдардың Заң аясында болуын,және жергілікті цензурадан өтіп тұратынына кепілдік берілуі тиісті..." деп жазылған екен, газет шығаруға рұқсат берілген хатта..
Ахаң Бәдрисафа берген екі поcылканың бірін ашып жатыр. Ішінен мұқабасы жоқ кітап шықты. Алғашқы бетін ашып еді , Міржақыптың " Оян, қазақ!" кітабының сигнальный данасы екен, уфалық баспагер "кітаптың қатесі болса, жөндеп, редакциялауын өтінген екен. Ахаң оған қуанып, Бәдрисафаға :
"Мен пошта арқылы хат жазайын оған "тез жет" деп, сен базардан Зайсан жаққа баратындардан хабар жіберші, уақыт тығыз" деген. Сосын Ахаң екінші посылканы ашып көріп еді, Петербордан шығатын өзінің кітабының алғашқы нұсқасы екен, Олар автордан "қарап шығуын "өтініпті. Ахаң бұған ерекше қуанып, Бәдрисафаны шақырып, баспадан алғаш шығайын деп жатқан кітабын
көрсетті :
--Бәден! Қарашы, менің алғашқы кітабым Петербордан басылайын деп жатыр.! Бәдрисафа Ахаңның жанына келіп бетінен сүйіп,
--Құтты болсын, жаным! Мерейің әрдайым өсе берсін!
--Рахмет, Бәден! Мына кітапты бүгін қарап, редакциялап шығамын! Тыңдашы, ашар бетіндегі аударған мысалымды оқып берейін! :
Бәдрисафа Ахаңның жанына жақындай түсіп, құшағына ала отырды. Ахаң алғашқы беташар мысалын оқуды бастаған :
"Жүк алды Шаян, Шортан,Аққу бір күн,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін дүркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады,
Тартса да бар күштерін аямай ақ,
Асылы, жүк орнынан қозғалмады...." Ахаң мысалды оқып болып, "Қалай екен" дегендей, Бәдрисафаға қарады. Бәдрисафа Ахаңның өлең оқыған мәнеріне таң қалып, мысалдың мағынасы терең екенін айтты. Ахаң оған риза болып,
-- Бұл орыстың атақты ақыны Крыловтың мысалы ғой. Қырықтан астам мысалын елге үлгі болсын деп аударғанмын. Енді сол Петербордан
шығайын деп жатыр. Қуанышыма ортақ болғаның үшін размет.,Бәдрисафа!
--О не дегенің, сүйікті Ақыным, менің! Сенің қуанышың- менің қуанышым" Сенің бақытың-- менің бақытым! Ахаң Бәдрисафаның жүректен шыққан сөзіне риза болып, оның екі бетінен шөпілдетіп сүйді.
--Көп ұзамай, мүмкін тағы да қуанармыз. Тағы бір кітапты баспаға әзірлеп жатырмын.
--Керемет, мен қолдаушыңмын, көмекшіңмін!
--Айтпақшы, баспадан сигнальный кітабының келгенін пошта арқылы Міржақыпқа хабар беру керек еді
--Мен поштаға барып, келеміін --деген Бәдрисафа.
Бір аптадан кейін Міржақып Дулатов та Семейге пошта арбакешімен жеткен.
Ахаң да, Бәдрисафада Міржақыпты үлкен ықыласпен қарсы алды. Ахаң оның кітабының алғашқы нұсқасын көрсетті. Міржақыптың қуанышы кітабы үшін ерекше , қанаты болса, аспанға ұшып кетердей болды.
--Аха, жеңеше ! Кітабымның сүйіншісі болсын, Сіздерге "Қызбел тау, Қоңыраулым" атты әнім бар еді соны орындап берейін деп, Міржақып қабырғада ілулі тұрған домбыраны алып, қоңыр шертпеге салғанда туған жері Торғайды , туғандарын есіке алып, Ахаңның жүрегіде дір ете қалды
"Қызбелім, ерекше еді басқа таудан
Мейірі қанар, ішкеннің бал бұлақтан.
Қоңыраулы жалғасады Жаркөлменен,
Сарықопа майысып, көктоғаймен..." деп Міржақып саз салғанда тыңдаушы екеудің көздерінен жас та, мұң да төгілді..Ахаң мен Бәдрисафа Мәржақыпты шәй дастарханына шақырды. Бәдрисафа ақ дастаханға неше түрлі тағам түрлерімен толтырған. Міржақып оған таңғалып :
-- Бұ дастархан ненің құрметіне ?- деп сұраса, жеңгесі :
--Ахаң мен Сіздің құрметіңізге! Кітаптарыңыз баспадан шыққалы жатыр! -деген. Міржақып ырзалығын білдіріп :
--Рахмет ,жеңше! --деп жатыр. Шәй үстінде Бәдрисафа
Міржақыпқа қарап:
-- Мир Якуб, қайным! Сіз қызмет істейтін жақтан ылғи қуанышты хабар күтіп жүретін ек, әлде Шығыстың қыздары ұнамай жүр ме?- деп әзіл тастады қайнысына қарап. Міржақып ойланып барып, :
--Сұлу қыздар Шығыс өңірінде көп сияқты. Мектептен тыс, жергілікті кісілер тойға , қонаққа шақырған кездері көп болды. Бірақ, мен
мұғаліммін, ұстазбын, содан менде әуелден Қыз келіншектерге көз салу деген, сөз айту деген ғадет болмады. Содан әлі бойдақпын-- деп күлді Міржақып.
Әңгіме аңысын байқап отырған Ахаң, Міржақып інісінің сөзін құптады.:
--Мұғалім солай, адал, адамгершілігі мол тұлға болуы шарт. Олай болмаса, абыройлы ұстаз болу қиын. Мен де жеңгеңе дейін бір қызға сөз салып көрген жан емеспін-- деген. Бәдрисафа Ахаңа қарап, "рас" дегендей басын изеп қойды.
"Қырық мысал", "Оян, қазақ!"
1909-жыл. Ақпан айының басы. Торғай қаласы (Торғай уезінің орталығы). Күн бұлтты болғанымен, желсіз тымық. Қаланың орталығында татар ноғай саудагерлерінің дүкендері қаз қатар сап түзеген. Орталықта алай- бұлай жүрген адам көп. Әсіресе, татар Сафиуллиннің дүкeнінің алдында адам ығы -жығылау. Бір сары шашты сары бала қолындағы даңғырасын қатты қатты соғып, "Оян, қазақ!", Қазақша жаңа кітап! Бағасы бар болғаны бір сом" деп жар салып әндетіп жүр. Қоңырауша сылдыраған баланың жарнамасына жұрт назар аударып, "Қолыңдағы не кітап?" деп тоқтатып, кітапты көріп жатқандар бар. Бес алты адам жиналып қалған. "Оян, қазақ", "Дулатов" деп жазылып тұр ғой!" деді кітапты көрген адам. Екіншісі, "Дулатов дейді? Әлгі, сотта істеген Қызбелдік Асқардың баласы шығар " "Әкеші біреуін, мен алайын" деп Асқарды танитын адам жаңа кітапты сатып алған. . Жарнамашы , кітап сатушы бала әлгі кісіге : " Аға, кітап оқысаңыз, Сафиуллиннің дүкенінде Байтұрсынов деген жазушының "Қырық мысал" деген кітабы бар, қызық кітап" деген. Торғайда ол кезде уез бастығын ұрып, Сібірге айдалып, барып келген, Ақтас пен Байтұрсында білмейтін қазақ кемде кем еді. "Байтұрсыновтың кітабы" дегесін, сатып алған кісі көп болған. Сөйтіп, Қоянды жәрмеңкесіне барып, саудалық заттарды шана- шанасымен әкелген саудагер Байтұрсыновтың "Қырық мысалы" мен Дулатовтың "Оян, қазағын" алып келген. Елу тиынның кітабын бір сомнан сатып жатқан. Жарнамасы жақсы болды ма, екі кітапта Торғайға тез тарап кеткен. Бір ай бойы бүкіл Торғай Ахмет пен Міржақыптң құлағын шулатты. "Мектеп, медреседе оқыған балалар "Оян, қазақты" домбырамен сүйемелдеп, оқитын болған. Ахаңның "Қырық мысалын" жұрт ертегі сияқты тыңдайтын болды. Құлағы шала еститін кемпір мен шалда: " Қырық мысалды" қызығып тыңдайтын . Мысал оқыған балаға: "Балам, құлағыма естілмей жатыр, қаттырақ оқышы " дейді. Сосын, "Қызық екен, ә! Аю мен қасқырды адам құсатып сөйлетіп қойған ба?" деп таңғалып жатады.
Кей үй кітап оқи алатын балаларды арнайы шақыртып, оқытатын да болған. Ол күні сол үйде той сияқты, көрші қолаң, туыстар жиналып, сүр ет қазанға салынып, естен кетпейтін кеш болатын.
Сафиуллин дүкеншінің приказчигі бірер күннен кейін, азық түлік, қант шәй алып, Ақкөл, Аққұм жаққа шанамен бет алған. Приказчик тауарларды шәй, қант, сиса, сәтен сияқты маталарды тері, жүнге айырбастайды, болса, ақшасына береді. Ақкөлге бет алғасын, А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың кітаптарын да қоса алған. Әрі "Сәлемдеме әкелдім" деп бір ұтса, саудадан да екі ұтатыны приказчиктің өзіне ғана мәлім. Приказчик жанында пошташы бар, шанаға жегулі тұрған атқа "шу" деп шыбыртқы үйіріп, Ақкөл, Аққұм ауылына қарай бет түзеген....
1909- жыл, ақпан айының онына қараған кез.Тауар тиеген темір табанды шана Ақкөл, Сартүбекке қарай жұқа қарды сыдыртып, күрең атпен желдіртіп келеді....
САРТҮБЕКТЕГІ ОҚИҒА
1909-жыл. Ақпан айының бас кезі. Ақкөл, Сартүбек ауылы. Ауылда жиырмадан астам қыстақ үй бар, сары саз кірпіштен тұрғызылған. Төбелері қамыспен жабылған, жаппа үйлер. Сартүбектегі қыстауындағылардың көбісі Шошақ ұрпақтары. Мұндағы үлкен үй Ақтастың үйі. Сырттан келген саудагер, пошташы, ояз қызметкерлері әуелі осы үйге кіріп шығады. Ақтас осыдан жеті жыл бұрын Сібір каторгасынан келген. Жасы жетпіс беске тақап қалсада, атқа қиналмай мінетін, қапшағай жауырынды, денелі кісі. Ақтастың бәйбішесі Үбіжан Сібірге бірге еріп барып, сол жақта қайтыс болған. Ақтас айдаудан оралғасын, үйленген., .1885 жылы Ақтас, Байтұрсынды, Даниярды Сібірге айдағанда, бүкіл Шошақ балаларының мал -мүлкін түгел кәмпескелеген. Ақтас пен Байтұрсын айдаудан келгелі Шошақ балаларының тұрмысы ептеп жөнделе бастаған Ауылдың екі жүздей жылқысы бар, Жыланшық бойында еркін жайылып жүреді. Ұры қары тиген емес. Ақтас пен Байтұрсынның атағынан сескенеді.
Ауылда таң ата қар қыламықтанып жауып тұр еді, түске қарай ашылып, күн шуағын шаша бастаған. Әр үйдің мүржасынан түтін шудаланып, шыға бастаған. Байтұрсынның үйі Ақкөл жақтан келетін жол жақта еді.Үйдің кішісі Зиляш қорадан бір құшақ шағыр алып, ауыз үйдегі пешке тастаған. От лаулап, үйді жылыта бастады. Анасы Күнші үлкен жез құманға су толтырып, пеш үстіне қойған. Байтұрсын төргі үйде ауырыңқырап, төсекте жатқан, Сібірден оралғанда денсаулығы әлсіреп келген еді..
--Зиляш ау, жаңа үйдің жанынан бір атшана өткен сияқты еді, кім екенін білмедің бе?- деп сұраған.(ұлын көп жылдан бері көрмеген Ана жүрегі ұлы Ахметті сағынады. Сырттан адамдар келсе, солармен "Ахметі" келіп қалды ма екен" деп ойлайды. Қайран ұлына деген Ана сағынышы бөлек). Зиляш :
-- Жоқ, апа! Ешнәрсе байқамадым.-- деген. Күнші Байтұрсынның төсегіне жақындатып, дастархан жайып, шәй әкелген. Бауырсақ, құрт, сары май , бидай жент дастархан төрінен орын алған. Зиляш ақ кесеге
күрең шәй құйып, әкесінің қолына берген. Сол кезде есік ашылып, Кәкіштің үйіндегі келіні кіріп келді. Оған Күнші "Есікті тез жапшы, келін, атаңа суық ызғар жақпайды "деген. Келіні бірақ, ерекше қуанышты екен ;
--Ата, Апа! Семейдегі ағам сәлемдеме жібріпті! Сүйінші!
--Не дейді, құдай ау! --деген Күнші өз құлағына өзі сенбей
--Не деп тұрсың, келінім ау
--Міне ағамның жаңа кітабы ! Атам мен Сізге арнайы жберіпті. Жаңа қазірде Үлкен үйге келген пошташы алып келді. Әр үйге бір кітаптан беріп жіберіпті!-- деп Бибіш келін Ахмет беріп жіберген кітапты Күнші апасының қолына ұстатқан. Бай отбасында өскен Күнші бала кезінен сауатты еді , кітаптың бетінде жазулы тұрған "Қырық мысал", "Ахмет Байтұрсынов" деген жазуды оқып, еңіреп ,зарлап қоя берсін "Ахметім ай! Құлыным ай, Ақ жүзіңді көре алмай, зар болдым ау" деп еңірегенде үй солқылдағандай болды. Байтұрсын жатқан жерінен, басын көтеріп,
--Әу, Күнші, не болды, үйді басыңа көтеріп?. Жамандық шақырып тұрғаның не, зарлап?" -деп жекіріп тастаған. Күнші сол көз жасын көлдеткен күйі қолындағы кітапты Байтұрсынға ұстатты. Байтұрсын орысша -арапша оқи алатын, кітаптағы Ахметтің атын оқып, қуанғаннан жүрегі дүрсілдеп қоя берді. Сөйткенше, үйге құтты болсын айтқан туыстарда жиналып қалған. Қуанышты хабарды ауыл түгел естіпті, Әкесінің жанына Кәкіш, Мәшен, Ақтастың үлкені Аспандияр келіп, құтты болсынды жаудырып, әкелерінің көңілін көтеруге барынша тырысып жатқан. Ақтас та келіп, інісінің қолын алды.
-- Байтұрсын, Күнші қарағым! Ахметтің мына кітабы елдің еңсесін көтеруге сеп болып жатыр. Қуаныш ұзағынан болсын! Мен Ахметіме бір жорға атадым.- деді Ақтас.
Жиналған жұрт ырза, барлығы "Әмин" десіп жатты.
Сол күні Байтұрсынның үйінің таң атқанша шамы сөнген жоқ. Ертеңіне Байтұрсын бойына жаңа күш біткендей, далаға шығып, қорада тұрған отыз қырық қой ешкіге шөп салып, біраз тер төккен. Күн көрістері осындағы екі сиыр мен оншақты жылқыға ғана қарап қалған. Жазда "қойдың еті, қыста "жылқының еті" дегендей. Содан ұлы Ахметтің "Қырық мысалы" ауылда бір ай әңгіме болып, Байтұрсын мен Күншінің көңілі бір өсіп қалған кез еді. Наурыздың басында Байтұрсын төсекке қайта жатып қалды. Шаншу көбейіп, буындары жүргізбей қойған.
"Бәйбішем ау! бүгін жаман түс көрдім, Ахметке, бірнәрсе болып қалған жоқ па екен?. Шошып ояндым. Кет, пәлекет, кет, шайтан! Ух! "- деп оянып еді бір жолы. Бір күні Күнші таң ата тұрып, пешке от жағып, қазанға су құйып жылыта бастаған. Күн шығар шықпаста Байтұрсынның "Күнші ау!, тездетіп, пешке от салсайшы, үй салқындаса, тез тоңып қалам" дейтіні бар еді. бүгін үнсіз жатқанына таң қалып, Байтұрсынның көрпесін ашса, денесі суып, көзі жұмылып қалыпты.
Күнші әйда кеп, бетін жыртып, жоқтауға бассын, Еңіреп тұрған Зиляш Ақтас ағасына жаман хабар айтуға жүгіріп кетті...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ЕКІНШІ ҚАМАЛУЫ
Семей қаласы. 1909-жыл, наурыз айы басталған кез. Ахмет Байтұрсыновты Семей жандармериясы қамауға алған. Ахаңның қамауда жатқанына он күн болған.
Бәдрисафаға Ахаңның әкесі дүниеден озғаны туралы хабар келген. Бірақ, Бәдрисафа ол қаралы хабарды Ахаңа жеткізуге батылы бармай жүрген.
Бір күні екі қарулы конвой кісенделген А.Байтұрсыновты жабық арбамен жандармерия кеңсесіне алып келді. Тергеу бөлмесінің терезесі темір торлы, оның жанындағы столда фуражкесін қисайта киген казак ефрейторы отырды. Алдында қаламсап, сия сауыт пен қамшы жатты.
Бір сәтте есікті еркін ашып, капитан дәрежесіндегі офицер кірді. Ол ефрейторға қарап, " Ефрейтор! мені анаған таныстыр!" деді. "Құп болады"- деді ол орнынан ұшып тұрып :
-- Губерниялық жандармерия департаментінің аға тергеушісі, капитан Савелий Кривошин -деді.
-- Жақсы, тергеуді бастаймыз! Сосын Ахаңа қарап :
--Фамиляңыз?
--Байтұрсынов.
--Ага! Атақты Байтұрсынов мырза! Онда әңгіменің турасына көшеміз Сіздің үстіңізден түскен арыз көп. Қойшығұлов деген кісіні танисыз ба ?
--Танымаймын ондай кісіні. көрген адамым емес.
--Сол өз арызында "Сізді губернияға жазылған петицияға қол қоюды сұраған" депті.Бұл кісі Қарқаралыдан Бұған не дейсіз ?
-- Ешқандай кісіні "қағазға қол қой" деп мәжбүрлеген емеспін.
--Қоянды базарынан Есенбаев деген кісі де сіздің үстіңізден ""Қол қойдырып жүргенін көрдім" деп жазыпты.?
--Мен Қарқаралыда мектепте мұғалім болып қызмет атқардым. Базарға, жәрмеңкеге өте сирек баратынмын.
Ондай текті адаммен таныс біліс емеспін.
--Ал, ендеше, Қостөбе болысының бұрынғы старшинасы Қиаспаев деген сіздің сол ауылда болып, жергілікті өкіметке қарсы насихат жүргізді" деп арыз жазып отыр. Сіз сол болыстықта болғаныңыз туралы не дейсіз ?
--Мен жалғыз Қостөбеде ғана емес, басқа болыстықтарда да болып, гимназияға, Петербор, Орынбор Омбы оқу орындарына барып оқуға балаларын жіберуді болыстық тұрғындарынан сұрадым. Оның ешқандай саяси астары жоқ. Жастарды мектептерге оқуға шақыру менің ұстаздық парызым. Менің осы сөзімді естіген, таза пиғылды кез келген ауыл тұрғындары растай алады.-- деп жауап берген А.Байтұрсынов. Тергеуші капитан Кривошин сосын :
--Сіздің үстіңізден түскен басқа арыздар да көп. Олар жөнінде келесі жолы сөйлесеміз. Бүгінгі тергеуді осымен аяқтаймыз- деді де тергеу бөлмесінен шығып кетті. Екі конвой А.Байтұрсыновты түрмеге қайта алып кетті.Содан Ахаң тағы он күннен астам уақыт тергеусіз жатты қамауда. Бәдрисафа алаңдаулы, Ахаңмен кездесуге бір айда бір рет қана рұқсат береді. Тамақ жеткізеді, бірақ , әкесінің қайтыс болғанын Ахаңа айтуға тілі жетпей жүр. "Айтқанда не болады.? Түрмеден шығып, Торғайға бара ала ма?. Әлде жүрегі көтеріліп, ауырып қала ма.? Екеу ара қайғыдан өзін өзі қажаған, күдігі басым. Бәдрисафа не істерін білмей, іштей қамығуда....
ҚАМАУДАҒЫ КҮНДЕР
Семей уезі. 1909-жылдың жазы. Ахаңның қала түрмесінде қамауда отырғанына үш ай болған. Тергеуге сирек шақырады. Бәдрисафа жандармерия бастығынан рұхсат алып, Ахаңмен кездесуге келген. Ахаңның жүдеп кеткенін Бәдрисафа көзімен де, жүрегімен де сезді, көрді.
Екеуінің де уайымы көп. Ахаң :
--Мені "Өкіметке қарсы үгіт жүргізді" деп айыптап жатыр. Бір айыбының негізі, дәлелі жоқ. Мені ұзақ ұстап отырғаны содан. Заң бұзған қылмыскер емеспін, "шығаратын шығар" деген үміттемін. Бәрінен бұрын, әке- шешем үшін уайымдаймын.. Әкем қиындықты көп көрген адам ғой, шыдар. Апам үшін қиналамын, жаны өте нәзік еді, күйіктен өмірден өтіп кете ме деп қорқамын.-- дегенде Бәдрисафа шыдай алмай ал кеп жыласын! Ахаң оған шошып кетіп, "Не болды, бірнәрсе болып па еді?" деп сұрағанда, Бәдрисафа көз жасын әрең тиып,
-- Жәй сенің, ана жақтағы әкең мен анаңның күйі көзіме елестеп, жыладым.
-- Ендеше , мен анама арнап хат жазып едім, соны тез апарып, поштаға салшы, мүмкін хатым көңілдеріне демеу болар-- деген. Сол кезде күзетші надзирательде кездесудің аяқталғанын айтып, Ахаңды алып кеткен.
Бәдрисафa жолда келе жатып Ахаңның АНАСЫНА ЖАЗҒАН ХАТЫН оқып, поштаға жеткенше көз жасын тыя алмаған. Ахаңның сол өлеңмен жазған АНАСЫНА ХАТЫ төмендегдей еді (АНАМА ХАТ) :
"Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді, хақ тағалам!
Бара алмай, өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң.
Мал ұрлап, кісі өлтірген айыбым жоқ,
Өкімет әр зорлыққа, бар ма, шараң.
"Үмітсіз шайтан болсын" деген сөз бар,
Жолдар мен жәннатқа да тарам тарам.
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам!
Алданып тамағыма оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адамның ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам "....
Ахаңның Анасына арнап жазған тоғыз ауыз өлең хаты осылай басталған. Ахаң анасына жазған осы хатында өзінің ішкі күйігін, арманын, мұратын, бәрін анасына түсіндіріп жеткізе білген. Бәдрисафа хатты аяғына дейін оқуға мұршасы жетпей, асыға поштаға кіріп, хатты конвертке салып, заказной ақшасын төлеп, елге жөнелткен.
Жалдап алған пәтерге келіп, көп ойланып, толғанып, Батыс Сібір губернаторының атына хат жазуға отырды. Губернатордың атына жазылған арызда Бәдрисафа "күйеуім Ахмет Байтұрсынов, негізсіз қамауға алынып, дәлелсіз, зорлықпен түрмеден шығармай" отырғаны айтылған. Бәдрисафа Байтұрсынова деп қол қойылған ол хатта" «А.Байтұрсыновтың ісі сотта қаралып, ақ қарасы шешілсін, олай болмаған жағдайда тез босатылуын талап етемін» делінген. Бұл тамыз айның жетісі еді. Келесі айда Батыс Сібір губернаторының канцелериясы қол қойған жауап келген. Онда ""Ваше просьбу отказана" делінген екен....
ҚАМАУДАҒЫ САРЫЛЫС
1909-жылдың қыркүйегі аяқталып та қалған. Семей уезі бойынша 1905-жылы жазылған Петицияны ұйымдастырғандарды тергеу жалғасып жатқан. 1908-жылы Қазан университетінің Заң факультетін Алтын медальмен бітірген Жақып Ақбаев пен тағы он шақты оқыған қазақтар сотқа тартылып, олар екі жылға Жетісуға жер аударылған болатын. Соған қарамастан, Петицияны жазушылар мен отаршылдыққа қарсы белсенді сөз айтып жүрген қазақ оқығандарын сыпыра " Өкіметке қарсы пікір таратқан" деген саяси айыппен қылмыстық іс қозғау істері жалғасып жатқан. 1909- жылдың күзі. "Өкіметке қарсы" деген жаламен Ахмет Байтұрсыновты түрмеде ұстап отырғанына жеті айдан асты.
Бәдрисафа (Ахаңның жұбайы) Омбы губерниясының губернаторы канцеляриясынан " Өтінішіңіз қабылданбады" деген хат келгеннен кейін, қаладағы жанашыр оқығандардың ақылымен бүрын Ресейдің II-Думасының депутаты болған Н.Скалозубтың әдресін тауып алып, соған А.Байтұрсыновтың хал жағдайын айтып хат жазған. Н.Скалозуб А.Байтұрсыновты 1906- Ресей Думасына депутат сайлауына қатысқан кезінен білетін А.Байтұрсынов Қарқаралыда жүргенде осы Н.Скалозубқа дауыс берген. Оданда бұрын Орынбор газетінде әр облыстан Ресей Думасына дерутаттар енгізуді мәселе етіп көтергені бар еді.Бәдрисафаға Скалозубтың есімі Ахаңның жазбаларынан таныс. Бәдрисафаның хаты он- он бес күнде жеткен болуы керек, Батыс Сібір губерниясында беделі бар Н.Скалозуб Омбы губерниясының губернаторына " Елге танымал ағартушы педагог Ахмет Байтұрсынов түрмеде жазықсыз ұсталып, "кіналарын мойындату үшін зорлық зомбылық жасалатын көрінеді. Жазықсыз айыпталып отырған Ахмет Байтұрсыновты түрмеден босатуыңызды сұраймын" деп хат жазған Ресейдің белгілі өкілі Н.Скалозубтың А.Байтұрсынов туралы хаты Омбы губерниясының бастықтары арасында алаңдаушылық туғызғаны рас, бірақ, губерния жандармериясының бастығы "Депутат А.Байтұрсыновқа зорлық- зомбылық көрсетілгенін дәлелдесін" дегендей сылтау айтқан Оған қоса Семей жандармериясының бастығы Омбы губерниясының губернаторынан "А.Байтұрсыновты түрмеде ұстау мерзімі ұзартылсын" деген тағы талап қойған. Сонымен , Депутат Н.
Скалозубтың Омбы губернаторына жазған хаты аяқсыз қалған. Бірақ, Н.Скалозуб алған бетінен оңайлықпен қайтатын адам емес еді. Ол кешіктірмей Ресей империясының Ішкі істер министріне " Ахмет Байтұрсыновты босату және кінасы дәледенбесе сотта қаралуын сұрап" талап арыз жазды. Оған қоса Ресей Ішкі істер министрінің атына Бәдриса Байтұрсынованың атынан арыз осы уақытта түскен. Сондай ақ, Санкт Петербургтің газетінде "КАЗАХСКИЙ ПОЭТ АХМЕТ бАЙТУРСЫНОВ В ТЮРЬМЕ" атты резонансты мақала жарияланған. Басқа орыс тілді газеттерде де осы сипаттағы мақалалар жарияланған. "Орынбор қалалық газетінде орыс тілінде "Поэт Ахмет Байтурсынов" атты мақала шыққан. Түптеп келгенде осы депутат Н. Скалозубтң, Бәдрисафаның Ішкі істер министрне жазған хаттары және үлкен газеттерде А.Байтұрсынов туралы жазылып жатқан мақалалар А.Байтұрсыновтың үстінен қозғалған қылмыстық істің барысына әсер етті.
1910- жылдың қаңтар айында Ахмет Байтұрсыновтың ісі Семей сотында қаралып, "Өкіметке қарсы насихат жүргізгені жанама түрде дәлелденуіне байланысты Орынбор губерниясына жер аударылсын» деп үкім шығарған. Сот үкімі шыққаннан кейін де А.Байтұрсынов бірден түрмеден босатылған жоқ.
А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ОРЫНБОРҒА ЖЕР АУДАРЫЛУЫ
1910-жылдың сәуірі. Семей қалалық түрмесінің алдына бір топ адам жиналған. Олар Ахаңды, Бәдрисафаны Орынборға шығарып салушылар. Арасында М.Дулатов, ерлі зайыпты Құлжановтвр бар. А.Байтұрсыновты Семей жандармериясы соттан кейін Орынбор жандармериясының бақЫлауына апарып тапсырмақ. Бәдрисафаға Ахаңмен бірге баруға жандармерия рұқсат берген. Әне ,екі конвой Ахаңды екі жағынан қоршап ,жабулы ат арбаға қарай ,алып келеді.
Жұрт Ахаңмен көрісіп, қоштасуда. "Амандықпен жолығуға жазсын" деп жатыр әрқайсысы. Міржақып ағасына жақынырақ келіп:,
--Аға! Сізге жайсыз хабар айтуға мәжбүрміз. Осы күнге дейін, жеңгемде, мен де сізге айтуға батылымыз бармай келген.?
--Не боп қалып еді?- деп, Ахаң бір үрей жайлаған реңмен сұрағанда, Міржақып,:
--Әкеміз Байтұрсын өткен жылы наурыз айында дүниедtн өткен!!...Ахаң үнсіз көз жасына ерік беріп, штегі күйігі шығып, өксіп, Міржақыпты құшақтап тұрып,:
-- Әкемнің жылыда өтіп кеткен екен. Ұлының түрмеде отырғанын, шарасыз болғанын білмей кетті ау, қайран ,әкем! Орынборға мені жер аударды ғой, Ол жерден де мені елге барып қайтуға жібермейтін шығар.???
--Аға оны сонда барғасын билік басындағылармен сөйлесіп, шешіп көрерсің. Ахаң Міржақыпт құшақтап тұрып, інісіне:
-- Шешеме көңіл айтып, қамаудан шыққанымды, Орынборға жіберілгенімді айтып хат жазарсың?
--Әрине аға! Бүгін жазамын!
Жиналғандар Ахаңның қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Әйелдердің ішінде көздеріне жас алып, жылап тұрғандар да болды.
Жұрт Ахаңмен қоштасып, Ахаң мен Бәдрисафа конвой отырған жабық арбаға мінді. Бет алыстары Орынбор.
Семей мен Орынбор арасында әр он сегіз шақырым сайын орналасқан пошта бекеті бар тын. Конвойлы арба сол бекеттерде аз тыныстап, ат ауыстырып отырады.
Міне, Ахаңдар мінген конвойлы ат арба Павлодар бағытында орналасқан бірінші бекетке де жатіп қалған.
Ахаң әкесінің қайғысынан айыға алмай келе жатқандай, үнсіз, мұңды...Арбаның дөғгелегінің шиқылдаған үніне ұзақ сонар құлақ түріп келеді.
ОРЫНБОРДА «МАСА», «БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛДЫҢ» БАСПАДАН ШЫҒУЫ
1910-жыл. Орынбор. Омбы жандармериясы Семей сотының "Жер аудару" туралы шешімінен кейін, А.Байтұрсыновты Орынбор жандармериясының бақылауына жеткізген. Орынбор жандармериясы Ахаңнан "Қаладан тыс жерге шығуға болмайтынын" ескертіп, қолхат алып, босатқан. Ахаң енді Орынбор қаласында қызмет істеп, еркін қала ішінде жүруге мүмкіндік алды. Ахаң мен Бәдрисафаға бұл да үлкен жетістік болды. Ахаң бұрын осы қалада оқыған, қаланы жақсы біледі. Бәдрисафа Орынборды бірінші көруі, қалада темір жол вокзалы, солтүстікке, батысқа, оңтүстікке теміржол қатынасы бар екен. . Семейден үлкен қала екенін көріп, ішінен тамсанды. Ахаңа Орвнборға жер аударылғаны барлық жағынан мұратына сай келгендей болды. Орынбор солтүстігінде Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездеріне жақын, Сондай ақ, баспаханасы көп Қазан, Уфа қалаларына жақын. Орынборда оқу орындары да баршылық. Ахаң өз армандарын орындауға жол ашылғандай сезінді. Өсімқордан қарыз ақша алып, Бәдрисафа екеуі орталыққа жақындау жерден екі қабатты үйден үш бөлмелі пәтер жалдап алды. Орынбор губерниясы жанындағы Земство департаментіндегі оқу бөліміне қызметке тұрды. Одан басқа губерниядан шыққан заң актілерін, нұсқауларын болыстарға,старшиналарға орыс тілінен қазақшаға аударып беріп, қосымша табыс тапты. Сөйтіп Ахаң мен Бәдрисафа екеуі өмірлерін мамыражай қалыпты ағысқа түсіре бастаған Бірақ, Ахаң үйде отырғанда да, стол басында жазып отыратын. Ахаң баспаға дайындап жатқан "Масa" атты кітабын, қайта қайта қарап, редакциялап, кей жерін түзеп, көңлі өсіп отырған шақ екен
--Бәден! маған жақын келші, міне, қара, екінші кітабымды баспадан шығаруға әзірлеп біттім!-- деген. Бәдрисафа Ахаңа күлімдеп келіп,
--Құтты болсын!-- деді. Ахаң Бәдрисафаға жаңа кітабына енген "Адамдық диқаншысы" деп аталатын жаңа өлеңін оқып берді
" Адамның диқаншысы қырға шықтым,
Көзі жоқ, көгалы жоқ, қырға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтруге құл халықтың..." деп басталған өлеңін Бәдрисафа ерекше ықыласпен тыңдап отырып, қуаныштан ба, әлде терең сезімнен бе, көзіне жасын ағыза отырып, Ахаңның бетінен сүйіп, "Керемет жазылған!" деп лебізін білдірген. Ахаң ертеңіне қызметіне барып, одан соң қала ішіндегі баспаға соғып, "Маса" атты кітабын басып шығаруға, ақысына келісті.
Содан жеңіл абамен үйге келсе, төрде танымайтын қонақ отыр екен. Ахаң сәлемдесіп, асықпай шешініп, қонаққа қарай жүрген. Ол орнынан тұрып, Ахаңның қолын алып, "ассалаумағалейкүм" деп амандасты.
--Аха, мені бұрын көрмегенсіз, танымайсыз , мен Сарықопа болысынан келдім, Есімім Асқар-- деді. Орынбордағы пәтерінде. төрде отырған Асқарға Ахаң :
-- Мен сізді шырамыттым. Мен Торғайдағы орыс қазақ училищесін бітірейін деп жүргенде сіз төменгі класта оқыған сияқтысыз?.
--Ия, иә. Мен сізден бірер жас кішімін. Училищеден кейін ел ішінде қызмет еттім.- деген Асқар.
--Естуім бар. Міржақып інім сіз туралы көп айтатын.
--Әкеміз Дулат ерте қайтыс болып, Міржақып менің қолымда өсті. Ауылда жүріп, сіздің "Қырық мысалыңызды" бала шағамызға дейін оқып, жаттап алған.
--Жақсы екен, Міржақыптың "Оян, қазағы!" Торғайда әр үйге тараған деп жүр. Міржақып інім роман жазуға кірісіпті" деп естіп едім?, ..
--Иә, ол рас. Мен Міржақыптың сол романын алып келдім. Орынборда ма, әлде басқа жерде ме, соны бастыруға алып келдім.
--Міне, керемет! Жөн болған! Сонда Асқар:
-- Аха! Романды әуелі сіз оқып көрсін деп, ақыл кеңес берер деп сізге алып келдім.
--Жөн екен! - деп қолжазбаны алып көрді, шағатай әліпбиінде жазылған екен.
Бәдрисафа шәй әзірлеп, столға ақ дастархан жайды да. қонаққа қарап, :
--Аға, Мир Якубтың жаңа романы құтты болсын! -деді. Асқар Бәдрисафаның қазақша сөйлегеніне бір таңғалса, оның Міржақыпты "МирЯкуб дегені тағы таңдандырған. Ахаң мән жайды түсіндірді. Бәдрисафаға Семейде жүргенде үйленгенін, жеңгесі болғасын Міржақып қайнысына "Мир Якуб" деп ат қойғанын күліп отырып айтқан. Асқар оған тәнті болды.
--Құрған шаңырақтарыңыз берекелі, қуанышы көп болсын" деді.Манадан бері менен үлкен қателік кетті.. Үйге кірген бетте Байтұрсын атамызға құран бағыштап ,оқуым керек еді. Оны айып етпеңіздер-. деп Ахаңның әкесі Байтұрсынға арнап дұға оқып, шәй дастарханын қайырған. Ахаң шәйден кейін Асқарға
--Сіз келесі бөлмеге барып тынығыңыз, мен Міржақыптың романын оқуға кірісемін --деген.
Ахаң Міржақыптың қолжазбасын басын алмай, таң атқанша оқып бітірген. Сосы сәл көз іліндіріп, бірер сағаттан кейін көңілі жадырап. ерекше күйде тұрды. Таңертеңгі шәй кезінде Асқарды ыстық лебізбен құттықтады.
--Бұл қазақтың алғашқы романы болайын деп тұр. Бұған дейін қара сөзбен, көркем тілмен қазақ өмірін суреттеген шығарма болған емес! Көз алдыма өз ауылымның өмірі елестеп, терең әсерде болдым. -деді
Міржақыптың ағасы, әрі әкесі Асқар Ахаңның жүрек жарды сөзіне қуанып,
--Кітапты қай жерде бастырсақ екен?- деп сұрады.
--Иә, ең маңызды мәceле енді сол. Ахаң сәл ойланып,
--Қазан қаласында бастырғаныңыз жөн ау. Өйткені, онда баспахана көп, әрі мұндағылардан арзан бағаға басып береді. Одан басқа ел жер көріп қайтасыз. Онда оқып жүрген елдің жастары бар. деген. Асқар Ахаңның ақылын тыңдап, Қазан қаласына жол жүріп кеткен..
1910--жыл, қазан айы басталған кез. Қала ішіндегі ағаштардың жапырақтары сарғайып, алтын желекке бөленген., олар кейде күн көзіне шағылысып, жан- жағына нұр шашып тұрғандай. Қаланың орталық көшелеріне жұмыр тас төселген. Әр жерден дәулеттілердің пар ат жекен күймесі көзге түседі. Адам таситын екі дөңгелекті арбалы пәуескелерде жиі ұшырайды. Олар жаныңнан өткенде арбаға жегілген аттың темір тағалы тұяғы барабан соғып бара жатқан сияқты, тық- тық етіп, қоңыраулары сыңғырлап, музыка ойнап бара жатқандай сезіледі.
Ахмет Байтұрсынов сондай бір тарантасқа мініп, баспаханаға соғып, бояуы кеуіп үлгірмеген "Маса" атты кітабының мың шақтысын алып келе жатқан. Ахаңның көңілі ерекше көтеріңкі, су жаңа кітабын қайта қайта қолына алып, алғашқы беттерін оқып, мәз боп келеді. Танымайтын атшыға қуанышын айта алмайды. Содан үйге, Бәдрисафға жаңа кітабын көрсеткенше асығып келеді.
Үйгеде жетіп, кітаптарды жерге түсірген, Бәдрисафа күткендей, жедел шығып кітаптарды үйге тасуға көмектескен. Жаңа кітаптың баспадан шыққанына Бәдрисафада ерекше қуанып, Ахаң екеуі елге ,анасына, Торғайға, Семейге жақын адамдарына жіберетін кітаптарды бөлектеп, қағазға орап бөлек жерге қойған.
Ахаң мен Бәдрисафа біразға дейін ұйықтаған жоқ, Ахаң домбырада күй тартып, скрипкада ойнап ерекше көңіл күйде болды. сол күні.
Бір аптадан кейін, Қазанға Міржақыптың "Бақытсыз Жамал" атты романын бастыруға барған Асқар оралған. Оныңда арбасында Міржақыптың баспадан шыққан жаңа кітабы бума бума боп жатыр екен. Ақтас, Ахаң, Бәдрисафа үшеуі болып, үйге тасып кіргізді.
Қос қуаныш --Асқар пен Ахаң бірін -бірі жаңа кітаппен құттықтап мәз.
Шәй үстінде Ахаң мен Ақтас өзара ақылдасып, Міржақыпты Семейден шақырып, қазақтың белгілі оқығандарын шақырып солардың алдында екі кітаптың БЕТАШАРЫН жасауға ұйғарды.
Келесі күні Ахаң мен Асқар қаладағы бір татар байының жаңа үлгімен жабдықталған үлкен залы бар үйін бір күнге жалға алды, сырттан келгендерге қону мүмкіндігін жасап. Екі кітаптың беташар өткізетін күні де белгіленген. Бұл кезде Ахаңның "Қырық мысалы", М.Дулатовтың "Оян, қазағы" қазақ жеріне түгел тарап, екі ақынның да есімдерін ел жақсы білетін кез еді. Бұрын Екінші Думаның депутаттары болған елге белгілі тұлғаларды да екі кітаптың беташарына арнайы шақырған.
Орынборда өтетін "Маса" мен "Бақытсыз Жамал" романының беташарына шақыру Ахмет пен Міржақыпқа жиі хабарласып тұратын Ә.Бөкейхановқа, ағайынды Досмұхамедовтерге, Құлмановқа, Калменовке, Ж.Ақбаевқа, М.Шоқайға, Құлжановтарға және әр болыстықтардағы қазақ оқығандары мен жанашырларына жіберілген еді.
Ахаңмен Жахаңның "Маса" және "Бақытсыз Жамал" атты романының беташарына әр жерден жүз шақты кісі келген.Оның ішінде ағайынды Досмұхамедовтер, Мәскеуден келген М.Шоқай, Семейден келген Құлжановтар , Қалменов, Уфаның "Ғалия" медресесінің шәкірттері, Б. Майлин, "журнал шығарамын" деп жүрген М.Сералин және Орынбордың оқыған қазақтары болды.
Беташарды Ахмет Байтұрсынов бастаған :
-- Ал, халайық! Елдің келешегі үшін жасалып жатқан үлкен игі істің бастауына келіп отырсыздар. Қай ұлттың да келешегі үшін мәдениеттің, ұлт тілінің, әдебиетінің атқаратын рөлі сіздерге жақсы мәлім. Қазақ ауыз әдебиеті ғасырдан ғасырға жетіп, ұрпағымыздың рухына дем беріп келе жатыр. Енді жетпей жатқаны жазба әдебиет еді, Бүгін Сіздер қазақтың жазба әдебиеті дүниеге келіп жатқан сәтке куә болғалы тұрсыздар. Сол сөзімнің дәлелі мынау -- МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВТЫҢ "БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ" РОМАНЫ! Авторы міне, қасымда тұр, өзіне сөз беремін құттықтауларыңызға болады! - деген М.Дулатовқа жұрт сөзін айтып үлгіртпей, төрден жапырыла келіп, құшақтап, құттықтап, кітаптың байғазысын беріп жатқандарда болды. Сосын Міржақып әрең дегенде сөз алып, Ж
-- Құрметті қонақтар, қазақты зиялы оқығандары! Жаңа Ахаң сөйлегенде тек менің кітабым туралы ғана айтып, өзінің баспадан шыққан "Маса" атт кітабы туралы айтпай кетті. Ахаңның бұл екінші кітабы! (Тыңдаушы жұрт шапалақ ұрып, қол соқты) Ахаңның бұл кітабы елдің санасын жаңғыртушы, рухпен қанаттандырушы кітап."Қырық мысал" кітабы ел арасына кең тараған. Ахаңның бұл кітабы да ел келешегі үшін, тарихы үшін қымбат болатынына сенімдімін-- дегенде , жұрт ұзақ қол шапалақтағанда, үйдің шатыры селкілдегендей болды. Сосын Міржақып ,Ахаңның жаңа кітабының байғазысы деп "Қараторғай" халық әнін орындап берді. Қонақтар Міржақыптың әншілігіне таңғалысып, өздері де қосылып кетті. Семей семинариясында оқытушы қызметін атқарып жүрген Нәзипа Құлжанова ортаға шығып, халық әні "Шилі өзенді" сызылта айтып бергенде, тығдаушылар жақсы әсерге бөленіп, "мен де ән айтамын" деушілер көбейді.
Екі жаңа кітаптың беташарына келгендердің бәрінің қолында Ахaң мен Міржақыптың жаңа кітаптары. Бұрын мұндай қызықты әдеби кешті көрмегендей, көңіл күйлері айрықша көтеріңкі отырды. Беташар соңында Ахмет Байтұрсынов шетте тұрған пианиноға отырып "Аққұм" әнін орындады.
Әдемі әуенге аң -таң болып отырған жұртшылыққа Ахаң үлкен алғысын айтты. Беташардың соңында құрметті қонақтардың бірі Мұстафа Шоқай сөйлеп, Ахаң мен Міржақыпты жаңа кітаптарымен қазақ қоғамының әдеби тарихын дамытуға жаңа қадам жасағандарымен құттықтады. Халел Досмұхамедов құттықтау сөз сөйледі. Жанша Досмұхамедов қолына домбыра алып , "Адай" күйін орындағанда әсерінің күштілігінен жұрт орындарынан тұрып кетті.
Сонда Ахаң ;
--Бұл күй ҚАЗАҚТЫҢ ГИМНІ болатындай күй екен.-- деген.
Сөйтіп Ахаңның "Маса", Міржақыптың "Бақытсыз Жамал" романының беташарына жиналған қазақ оқығандары қайталанбас ерекше әсермен тарасқан еді....
САРТҮБЕКТЕ АХАҢНЫҢ АНАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ
1910-жылдың желтоқсаны. Торғайда қыстың аязды мезгілі басталған кез. Күн ашық, желсіз. Ақбоз ат мінген жолаушы Қызбел жақтан Аққұмды бет алып келе жатыр. Таң атқаннан бері орта жолға жетіп қалған сияқты. Көкалат тұсынан өтіп, Аққұмға қарай тура тартып келе жатыр. Жер бетінде қар жұқа, кей тұста ақ топырағы көрініп қалады, соған қарап, Аққұмның шетіне түскенін жолаушы сезді. Қар бетінде қоян мен түлкінің іздері көп, анық көрініп жатыр. Бір кезде алдынан бір топ киік алдынан топырлап өте шықты, шамасы, оңтүстікке, Ырғыз жаққа бет алған.
Шамалыдан соң, қасқа торы мінген кісі алдынан жолықты, ердің қасына ілген қақпанына қарап, "аңшы ау" деп ойына түйген.
--Сартүбек қай жақта болады?- деп сұрады аңшыдан Қызбелден келе жатқан, . Ол ::
--Осы бетіңізбен ет пісірім уақыт жүрсеңіз, алдыңыздан сол ауыл шығады-- деген.
Қызбелдік әрі қарай аяңға салып жүріп кетті. Түс ауа қыстаулардың да шеті көрінген. Әр үйдің мұржасынан шала қалқып түтін шығып жатыр, Бірер ит үріп алдынан шықты. .Ауылдың ортасына кіргенде тысқа шығып тұрған орта жастағы жігітті көріп,:
--Қарағым, Байтұрсын аға мен Күнші апайдың үйін көрсетіп жіберші ,-- деді. Ол жігіт екі үш үйдің тасасында тұрған жаппа үйге алып кірді. Пештің жанында жаңа сауып әкелген сүтін пісіріп, Күнші отырған, ол үйге кісі ертіп кірген баласын көріп:,
--Мәшен- ау не боп қалды?- деп сұраған
--Қонақ келді, апа!
--Ә, құдайым!?
Мәшенге ере келген кісі үндемей төрге шығып, (Мәшен көрпе төсеген) үй иесі Байтұрсын марқұмға құран бағыштауды бастаған. Құран оқылып болғасын, бәрі қол жайып, "әмин" десті.
-- Күніш апа! Ел ағасы болған Байтұрсын ағамыздың артының қайырын берсін! Жақсылығын артында қалған ұрпақтарына берсін! Кезінде жер шетінде болғасын ағамызды жоқтап келе алмадық. Мен Орынбордағы Ахметтің інісі болып қасында жүрген Міржақыптың ағасы Асқар деген боламын. Осы бетімде Сарықопа болысынан Байтұрсын ағамызға құран бағыштап , оқып қайтайын деп арнайы келдім-- дегенде Күнші апа жоқтау айтып, зарлап қоя берген :
"Байтұрсынымдай Ер қайда?,
Ерді жоқтар Ел қайда...?" деп солқылдай бастағанда, Асқар басу айтып, Күнші апайды әрең тоқтатқан. Құдай қосқан жары Байтұрсынды жоқтаған өксігі әлі басылмаған екен.
Сосын Күнші апасы баласы Мәшенге құлағына ақырын сыбырлап, Ақтас ағасына хабар беріп, қадірлі кісге қонағасы беру жағын айтты. Мәшен шаруа жайымен сыртқа шығып бара жатқан, оған Асқар;
-- Қалқам, аттың ерінде тұрған қоржын бар еді соны кіргізіп тасташы-деді де, Күншіге қарап:
--Апа, мен әнеукүндері Орынборда болып едім, сол кезде Ахметтің жаңа кітабы шығып еді, соны арнайы сізге беріп, сәлем айтып, сәлемдеме беріп жіберді, соларды әкелдім- дегенде, Күнші апа тағы еңіреп жыласын. Сосын Асқар
--Апа, "енді қуанышқа жылаңыз, Ахмет балаңыз ел сыйлаған азамат болды!" --дегенге Күнші апа жылауын тоқтатып
--Рас, қалқам, рас. Біздің Байтұрсын Сібірге айдалып барып келгеннен бері не бір құқайды көрмедік! Сол жаныма батады, қалқам!- деген.
Мәшенмен бірге Қали Кәкіш, Ақтас ағасы ере келген Бүйірі толық қос қоржында кіргізілген.
Асқар Ақтаспен орынынан тұрып, қол алысты.
Отырғаннан кейін Асқар Орынборда болған оқиғаларды айтты.
--Ахмет пен келіндеріңіз сау- сәлемәт, Ахмет қызметте. Мен барған кезде "Маса" деген кітабы шығып, қуанышына ортақ болдым. --деді. Оған жиналған жұрт қуанып, рахмет, алғыстарын қонаққа айтып жатты.
Асқар қоржынды өз алдына алып, Ахметтің бірнеше кітабын туыcтарының қолына табыс етті. Әсіресе, Ақтас ағасы кітапқа үңіліп қарап, беттерін ашып оқып, таң қалып отырған қалпын байқатты.Асқар сосын Ахаңның анасы Күншіге қарап :
-- "Мынау алтын жүзік пен сырға келініңіздің Сізге деген сәлемдемесі "Қолыңызға тапсыр" деп маған аманат етіп еді. Қоржынның қалған жағындағысы келініңіз салған кәмпит- шәй, көйлек. Оны өзіңіз қарап аласыз -деп қоржынды Күншіге тапсырған. Қонақтың сөзі Ахаңның туыстарына ғажап әсер сыйлады, бәрі таң тамаша сезімге бөленген. Ақтас қана тіл қатып :
--Асқар інім , біздің үйде Сізге арналып, мал сойылып, қонақасы әзірленіп жатыр еді, Ендігі әңгімені біздің үйде жалғастырайық --деген.
Сол күнгі кеште Ақтастың үлкен үйінде бүкіл Шошақ балалары, басқада ағайындары жиналып, күлкілі, қуанышты, ерекше қонақасы болды. Сол күні таң атқанша ауылдың күйшілері, термеші -жыршылары құлақ құрышын қандырғандай дастандар орындап, таң атырған...
Бұл Шошақ ауылында көп жылдардын бері болмаған естен кетпес әсерлі, қуанышты күн еді. Көп жылдардан бері уез тарапынан қысым көріп келген Шошақ әулеті келешекке үміті сәулелене түскендей болды.
Ахметтің анасы Күнші Ақтастың үлкен үйіндегі қонақасыға бармай қалған. Енесі бармағасын, Мәшеннің үйіндегі келініде апасының қасында қалған. Күнші көп жылдан бері көрмеген Ахметінің жаңа кітабын қайта- қайта сүйіп, қайта -қайта оқи беруден ( Күнші дәулетті отбасынан шыққан, бала кезінде молдадан оқыған) шаршамады. Әсіресе, «Анама хатын» бірнеше оқып, көз жасын бұладай ағызды ай кеп. Келіні :
--Апа! Қойсаңызшы енді жылауыңызды, Ағам «түрмеден шығып, қызметке орналасты» деп айтты ғой манағы кісі. Кітабы шығып жатыр екен. Үлкен қуаныш емес пе!.
--Иә, қалқам, жөн айтасың. Сол қуанғаннан жылап отырмын. «Қуаныш пен қайғы» бірдей екен ғой! Қуанып, жылап отырмын.
--Сөйтіңізші! Мына келінңіздің сәлемдемесі қандай керемет! Алтын сақина мен сырға! Жіберген көйлегі қалай әсем! Қараса, көз тоймайды! Күнші кеілінінің көйлектіік матаға қызыға қарап отырғанына қарап :
--Мынаны сен ал, тіктіріп көйлек ки -деген. Мәшеннің үйіндегі келіні апасының көйлек сыйлағанына разы болып,сәлемдемемен келген иісі бұрқыраған үнді шәйін ,бабымен қайнатып, енесімен бірге рахаттанып ,ішуге кіріскен.
"ОЯН, ҚАЗАҚТЫҢ" КӘМПЕСКЕЛЕНУІ, М.ДУЛАТОВТЫҢ ТҮРКІСТАНҒА САПАРЫ
1911-жылдың қаңтары. А.Байтұрсыновтың "Маса" атты кітабы мен М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романы өткен жылы баспадан шығып, қазақ елінің түкпір түкпіріне дейін тарап , Ахаң мен Жахаңның даңқы жер жарған кез болатын. Ресейдің I-ші және II-ші Думасына депутат болған қазақтың атақты тұлғалары, Омбы , Орынбор губернияларың оқыған зиялылары, Семейдің белгілі болыс билері, сондай ақ, Абай Құнанбаевтың "Өлеңдерін" жарыққа шығарған Тұрағыл мен Шәкәрім Құдайбердіұлынан, Омбыдағы Әлихан Бөкейхановтан құттықтау хаттар қардай жауып кеткен еді. Орынборда Ахаң мен Жахаңды танымайтын адам болмады. Ахаң мен Жахаң қара костюм мен бантик байлап, пәуескемен кетіп бара жатқанын көрген жұрт иіліп сәлемдесетін. Міржақып "Бақытсыз Жамал" романы кітап боп шыққанда бар болғаны 25 жаста еді. М.Дулатов алғашқы романының бет ашары өткеннен кейін, "Орынборға жақын" деп Қызылжар қаласындағы оқу ағарту саласына қызметке орналасқан. "Қуаныш пен күйік қатар жүреді» деген рас па",
Міржақып Орынбор мен Омбы губерниясының жандармериясы "Оян, қазақ" кітабын кәмпескелеу туралы жарлық шығарыпты" дегенді осында жүріп құлағы шалған. М.Дулатов жас та болса, ел келешегі үшін белін буып кіріскенін өзі жақсы сезінетін. "Не болсада, бір қауіп маған төнейін деген екен, барып көрейін" деп, жиынып, Семейге жол жүріп кеткен. Тыңшылар қалаға келгенін хабарлаған болуы керек, сол жолдан түскен бетінде тұтқындап, Семей түрмесіне жапқан.
Түрмеде тергеу жүрізген Ерофеев деген жандармерия офицері қазақша біледі екен, сұрақтарды қазақша қойды :
--"Оян, қазақ" кітабыңыздың конфескеленгенін естідіңіз бе?
--Жоқ, естіген жоқпын.
--Бұрын Семейде пәтерде тұрған үйіңізден он кітабыңыз конфескеленді, қалғандары қайда?
--Кітап өткен жылы әр тарапқа тарап кеткен, менің өзімде де бір кітап жоқ.
--Цензура осы кітабыңыз "Өкіметке қарсы уағыз жүргізген" деген қорытынды шығарған !?
--БІЗДІҢ КӨП ЖҰРТЫМЫЗ САУАТСЫЗ ЕКЕНІН СІЗ ЖАҚСЫ БІЛЕСІЗ, Мен бұл кітабымда елді сауатын ашуға, оқуға шақырғанмын. Оның еш саяси астары жоқ.
--"Міржақып Дулатов 1905- жылы жазылған петицияны ұйымдастыруға қатысқан адамдардың бірі" --деп Қоянды жәрмеңкесінің тұрғыны жазған арыз да бар
--Мен ол жылдары Зайсанда мұғалім қызметінде жүргенмін. Қояндыда болған жоқпын....
--Так, так! Дулатов мырза, сіз өкіметке қарсы екеніңізді мойындамасаңызда , Сіздің кітабыңыз бен үстіңізден мына жазылған арыздар көп нәрсені аңғартады. Біз әлі бұл мәселені анықтай түсеміз! деді де, тергеуші камерадан шығып кетті....
АХАҢНЫҢ "ӘЛІПБИІ". М.ДУЛАТОВТЫҢ ТҮРКІСТАНҒА САПАРЫ
1911-жылдың маусымы. Орынбор. А.Байтұрсынов інісі Міржақыптың Семей түрмесіне қамалғанына көңілі алаңдаулы. Қазақ даласында даңқты ақын жазушыға айналған, жастығына қарамастан, ел жоқтаушысы болып, қайраткер тұлғаға айналған Міржақыптың қасында жоқтығын Ахаң терең сезінді. Газеттерге "Кінәсіз қамалған ақын" атты мақала да жазды. М.Дулатовты жақсы білетін, бұрын Ресей Думасының депутаты болған, , Самарада жүрген Әлихан Бөкейхановқа, Жетісудан айдаудан оралған семейлік заңгер Жақып Ақбаевқа М.Дулатовқа көмек көрсетуді сұрап, бірнеше рет хат жазған.
Ахаң солардан жақсы хабар күтіп әлек. (Өзі болса, Орынбор жандармериясының нұсқауы бойынша қаладан шығуға құқы жоқ).
Ахаңның қолы бос уақыттары жоқ десе де болады. Оны қатты алаңдататыны ҚАЗАҚ ЖАҒДАЙЫ.. "Айқап" журналына "Тағы да халық соты туралы", "Земство жайында", "Қазақ жерін алу туралы низам" атты сол кездің күрделі мәселерін сөз еткен мақалалары жарияланған.
Мақала жазудан басқа, ұлт келешегі үшін ең маңызды мәселе ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ӘЛІППЕСІН жазып шығуды армандап келе жатқанынына он жылдай уақыт болған.
А.Байтұрсынов ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ ӘЛІППЕСІ болмай сауатын ашуы екіталай болатынын жан -тәнімен түсінген. Өзінің мектептерде қызмет еткен көп жылдық ұстаздың тәжірибесі ,Ахаңда "қазақтың ТӨЛ ӘЛІПБИі оқулығын жазуға жетеледі.
Ахаң Қазақтың ӘЛІПБИІН жазуға кіріскеніне екі жылдай болған. Орыстың грамматикасын, парсы, араб сөздерінің жазылуы мен оқылу заңдылықтарын біраз зерттеді. Түркі тіліне лайықталған шағатай әліпбиінің ерекшеліктерін талдаған. Ең соңында Қазақ сөздерінің ДАУЫСТЫ және ДАУЫССЫЗ дыбысталуын зерттеп, соған лайықтап араб ғаріптерін негізге алып, 28 ғаріптен тұратын ҚАЗАҚТЫҢ ТӨТЕ ӘЛІПБИІНІҢ оқулығын түзіп шықты. А.Байтұрсынов өзі жазып шыққан жаңа "ТӨТЕ ӘЛІПБИІН" Орынбордағы медресеге оқуға түскен балаларға апарып, арап әліпбиін меңгеру мен жаңа Әліпбиді оқып үйренудің айырмашылығын тексеріп көрген. Жаңа "Төте әліпбиді" балалар бір айда үйреніп, толық оқи алатын дәрежеге жететінін Ахаң да, медресе ұстаздары да көрді.
1912- жыл. Орынбор, А.Байтұрсынов "Төте Әліпби" оқулығын қаладағы Каримов типографясына басып шығаруға берген. Жаң оқулық кітаптар қаңтар айында баспадан шыққан.
Ахаң ол жаңа оқулықтарды Қазан, Уфа , Орынбор қалаларындағы медреселерге, болыстықтардағы медресе, мешіттерге, бала оқытатын имамдарға таратты. Кітап таратылғаннан кейін, екі үш айдан кейін медресе, мешіттерден, жеке имамдардан "Төте Әліпбиді" балаларға үйрету мен оқыту әлдеқайда жеңіл екенін жазған хаттар келіп, Ахмет Байтұрсыновты қуанышқа бөлеген. Көп жыл ойластырған арманы жүзеге асқанына ерекше қуанып, мойнынан бір ауыр жүк түскендей әсер алған.
Ахаң сол қуанышпен, Бәдрисафаны шақырып алып, өз әліпбиін жарына үйретуге кіріскен. Бәдрисафа ынталы "оқушы" болып, күн сайын бес ғарып, жаттап, әліпбиді меңгере бастаған. еді
Бір күні үйге төрт -бес жас жігіттер келді.
"Уфа медресесіне қазақ ауылдарынан барып,оқуға түскендерін" айтты олар. Сосын , Ахаңды шырамытып, иіліп, "Ассалаумағалейкүм" деп сәлемдесіп :
-- Сіз "Әліпби оқулығын" жазған деп естіп, сол оқулықты қалай алуға болатынын білейік, деп келіп едік- деген олар. Ахаң балалардың сәлемін жылы қабылдап, медреседегі оқуларының жемісті болуына тідек білдіріп ;
-- Сіздер айтып отырған "Әліпби" қазір менде жоқ. Оны осы қаладағы Каримов деген кісінің типографиясынан таба алуларыңыз мүмкін -деген..
Уфа медресесінің шәкірттері соған да ырзалықтарын білдіріп, Бәдрисафа апаларының қолынан шәй ішкен...
МІРЖАҚЫПТЫҢ ОМБЫДА ҚЫЗ АТАСТЫРУЫ
1912 - жыл, тамыз айының аяғы. Міржақып бір жарым жыл Семей түрмесінде қамауда отырғаннан кейін, сол мерзім жазаға есептеліп, сот шешімімен бостандыққа шыққан. Губерния жандармериясы "келесі шара қатаң болатынын" ескерткен. Содан алды- артын ойлаған Міржақып, Семей уезінен тыс елге баруды ойластырып жүрген. Ертеректе, Омбыға барып, бір гимназиядан қызмет іздеп кіргенде сонда оқитын бір әдемі қызды көріп, қатты ұнатып қалған. Ол оқыған, орта шаруасы бар, осы Омбы қаласының тұрғыны Баймұрат деген кісінің қызы болып шықты. Міржақып, сол қыздың өзімен сөйлесіп көруді ойлап, Омбыға келген. Бұл Омбыда М.Дулатовтың есімі дүрілдеп аты шығып тұрған кез. Қалада "Бақытсыз Жамалды" оқымаған қыз қалмаған. Қалада Жұмасын деген жақсы жолдасы бар еді, Соны Досымбектің Баймұратының қызына құда түсіп, атастырып қайтуға шақырды. Галстук тағып, орысша костюм киген кісілерді кез келген үй құрметпен қарсы алатын кез. Галстук таққан, сықиған жаңа костюм киген екі жігіт пен бір келіншекті Баймұраттың үйі жылы ілтипатпен қабылдады.
Бұл кісілердің неде болса, маңызды шаруамен келгендерін осындағы әйел адамдар түсінген. Үндемей, сыпайы дастархан жайып, шәй әкелген. Жәй әңгімеден үй иесі Баймұраттың қайтыс болғанын, оның орнына үлкені Омар шаңырақты ұстап отырғанын, Ол қарындасы Ғайнижамалдың жасы он жетіде, гимназияда оқып, бітіргелі жүргенін сөз ретінде айтып өткен. Міржақыптың жолдасы Жұмасын келген шаруасын айта бастады :
--Қасымда отырған жігіт қазақ әлеміне атағы шыққан ақын жазушы Міржақып Дулатов деген азамат.
--Иә, естуіміз бар --деді қыздың ағасы
--Тегі арғын, Торғай дуанынан. Жақында естіген шығарсыздар , үкіметтің қыспағынан шыққан, елдің сөзін айтқаны үшін. Қырық ауыз сөздің түйіні жаңа өзіңіз айтқан қарындасыңызға құда түсіп, атастыруға келдік -деген. Дастархан үстіндегілер біраз үнсіз қалған. Сосын қыздың ағасы сөз жалғап :
--Мен шешетін мәселе емес екен, Ғайнижамалдың өзінің келісімін алмасақ, болмайды -деді. Сосын үй іші біраз ақылдасып, Ғайнижамалдың өзін шақырған. Ол Міржақыпты Гимназияда бір көргені бар, бүгін қонақтар пәуескеден түсіп жатқанда тағы көріп, сезімі оянғандай әсерде болып еді. Дастархан басына шақырғанда Ғайнижамал, басына орамал жауып, төмен қарап тұрды. Ағасы :
--Қарағым, төрде отырған Міржақып деген жігіт сені атастыруға келіпті. Оған не айтасың?- деп сұрағанда ,қыздың беті оттай қызарып, теріс бұрылып, келесі бөлмеге кетіп қалған. Сосын үй иесі Омар қонақтарға не айтарын білмей, жұбайына: " барып, Ғайнижамалдың не ойы ьар екенін біліп кел" деп жіберген. Ол көп ұзамай күлімдеп оралып,
--Қайынсіңілім келісімін берді- деді. Содан кейін құдалықтың рәсімі басталып, су жаңа құда- құдағиға арналған алтын жүзік, білезік сыйға тартылып, Міржақыптың жолдасы Жұмасынның келіншегі келесі бөлмедегі Ғайнижамалға барып, құлағына күміс сырға салған.
Біраздан соң Міржақып, Ғайнижамалды оңашаға шақырып, оңтүстік елге сапар шегіп бара жатқанын айтып, Ғайнижамалдың маңдайынан, бетінен, ернінен ұзақ , қадала сүйген. Міржақыпқа қыздың сыпайы қалпы есінен кетпестей әсер қалдырған.
Келесі күні Міржақып, пошта тарантасына отырып, ұзақ жолға сапарға шыққан. Бағыты-- Түркістан.
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ӘСЕР
1912-жыл. Қыркүйек айы туып, күз басталғанмен Түркістанда күн ыстығы әлі қайта қоймаған кез. . Міржақып Дулатовтың Түркістанға алғаш жолы түсуі. 1906-жылы Міржақып Санкт- Петербор қаласында "Серке" шағын газетіне "Жастарға" атты мақаласы шыққан кезде түркістандық Садық Өтегенұлымен танысып, достасып кеткен. Семей түрмесінен шығып, осы Садық досына хабарласқанда, ол Түркістанға шақырған. Садық Міржақыпты Арыс станциясынан күтіп алып, Түркістандағы үй жайына пәуескемен жеткізген.
Садық Түркістандағы дәулетті кісілердің қатарындағы жігіт. Екі қабатты ағаштан қиып салынған үлкен үй бар екен.
Шәй мен дәм ішіп Міржақып алыс жолдан тыныстағаннан кейін Садық жарты гектардай жерді алып жатқан қора жайын, асыл тұқымды аттарын көрсетті. Төрт бес түйе де байлаулы тұрды.
« Ертең атпен қала сыртына шығып серуендейміз» деген Садық досы Міржақыпқа. Бесін кезінде екеуі қаланың базарын аралады Ол кездегі Түркістан базары Орта Азиядағы үлкен базарлардың бірі еді. Сонау Ираннан, Үндістаннан келген жеміс- жидектер базарға лық толы. Үнді маталары мен жібектері, Түркіменнің әсем кілемдері алыстан көзге түсіп жарқ- жұрқ етеді. Саудагерлерде, сатып алушыларда ығы -жығы. сапырылысып жүр. Әр жерден тәжіктің, түркіменнің, өзбектің тілдері құлаққа шалынады. Міржақып Түркістан базарынан адам кез келген затын, тауарын, азық- түлігін, жеміс -жидегін таба алатынын көрді. Орынбор, Омбы, Семей,Қоянды базарлары Түркістан базарынан жұтаңдау екенін байқады. Омбы, Орынбордағыдай мұнда орыстар жоқ, мұндағы атмосферада басқаша, жанға тыныш, әркім өз -өзімен жүреді екен. Міржақып, "базардан құр шықпайын" деп сафиян былғары етік, бір пар жұп жұқа теріден тігілген бес саусақты қолғап, бір қолшатыр сатып алды.
Міржақып Садықтың үйінде екі айдан астам уақыт тынығып жатты. Міржақыптың атағы Түркістанғада біршама жайылған екен. "Оян, қазақ" пен "Бақытсыз Жамалды" оқыған қазақтар мұнда да кездескен. Садық пен екеуін екі күннің бірінде қонаққа шақыратын болған. Қонаққа шақырғандардың ішінде ұйғыр, өбек , қырғыздың ірі саудагерлері де болды. Олардағы қонақасы той сияқты өтіп, Міржақып, небір әуезді,
сазды өзбек, ұйғыр әндерін тыңдап рахатқа бөленсе, ұршықтай айналған билеріне талай сүйсініп, қолын соқты, Ондай қонақасыларда Міржақыпта қазақтың термелерін шебер орындап, тыңдаушыларын біраз таңдйларын қақтырған.. Сосын Міржақып, сөзге шебер шешен, әзіл қалжыңдарымен де жұртты күлдіріп отырады. Міржақып сол жайсаң, сері мінезімен түрлі ұлттан құралған саудагерлерге жақты.
Түркістанда екі айдан астам уақыт қонақ болған Міржақып "елге қарай жол жүрем" деген жолы Садық досы үйіне Түркістанның белгілі зиялылары мен саудагерлерін шақырып, үлкен қонағасы берген. Дәм соңында Міржақып орнынан тұрып, қолындағы домбыраның сүйемелдеуімен дастархан басында отырған құрметті қонақтардың есімдерін атап, оларға алғысын айтып ұзақ жыр арнаған. Құрметті қонақтар қазақ даласынан келген үлкен ақынның өлеңіне ырза болып, Міржақыптың алдына бума- бума ақша тастаған. Міржақып оған ыңғайсызданып, "ақша үшін айтқан жоқпын, алмаймын" дегеніне қарамай, қонақтар мен үй иесі Садық ақшаларды Мәржақыптың қалтасына салған...
ОРЫНБОРДА «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ЖАРЫҚ КӨРУІ
1912-жылдың желтоқсан айы болатын. Міржақып Дулатов Тәшкен Орынбор поезынан түскен кезде қалада қыс қақап тұрған. Солтүстіктен соққан аязды жел бетті шымшылап тұрғандай. Көшедегі жұрт жағаларын көтеріп, ықтап кетіп бара жатқан сияқты. Міржақып алыс жолдан келгесін пәтерде бір күн демалып, ертеңіне түс ауа Ахмет Байтұрсыновқа сәлемдесуге келген. Үйдегілер Міржақыпты құшақтап, қуанышпен қарсы алды.
Дастарханға ыстық шәйды келіп қалған.Ахаң Міржақыпқа қарап :
--Семейден шыққаныңды хат жазып білдірдің де, одан кейін хабарсыз кеттің. Соған біраз алаңдаған едік ?.
--Ия, Аха, содан кейін өмірімде көп жаңалықтар болды. Семейден босағаннан кейін, жандармерияның бақылауынан алыстау жүрейін деп , оңтүсттік облысқа сапарлап кетттім. Атақты, қасиетті Түркістан қаласында болдым. Сондағы Садық досымның үйінде жатып бірер ай тынықтым.
--Өте дұрыс жасағансың. Сенен көз жазып, жандармерияда тынышталған шығар.. Түркістан қалай екен.?
--Керемет! Ол жақтың тынысы мен бұл жақтың тынысы бөлек, онда өз еліңде жүргендей өзіңді еркін сезіне аласың.! Әңгімеге араласпай үнсіз отырған Бәдрисафа:
--Түркістанның қыздары сұлу ма екен?- деп сұраған
--Иә, жеңеше , небір сұлу өзбек, ұйғыр, түркімен қыздарын көрдім, өздеріне ғана тән ұлттық көйлектерімен жүреді екен, ғажап әсер алдым. Айтпақшы аға, Түркістанға жүрер алдында Омбы қаласында бұрыннан көзім түсіп жүрген сүйген қызыма құда түсіп, атастырып та қойғанмын.! Бәдрисафа мен Ахаң оған таң қалып :
-- Керемет жаңалық осы ғой! Қадамың құтты болсын!
-Рахмет! Келешектегі жарымның ата -бабасы осы Көкшетау жеріінен екен.
-Бәрекелді, қуанышың ұзағынан болғай!
Шәйдан кейін :
--Аха! Одан басқа да қуанышты жаңалығым бар!- деді Міржақып. Ахаң мен Жахаң оңашаланып, көптен жүзеге асыра алмай, АРМАН болып жүрген мәселелерін талқылады. Ол қазақ елінің мұңын мұңдап, келешегін күйттейтін газет шығару болатын. Міржақып Түркістаннан сол газетті шығаруға жететін мол ақша әкелгенін айтып, Ахаңды сол жерде таңдандырған. Міржақып қара сөмкесінен алып, бірнеше бума ақшаны Ахаңның алдына қойды. Ахаң басын шайқап, ұзақ таңданды.
-- Түркістанның саудагерлері мен байлары маған осылай сыйға тартты. Бұл қаржыны өзіміз ашатын газетке жұмсағанды жөн көрдім- деді Міржақып, үн қатпай отырған Ахаңа қарап.
--Егер, өзің олай шешсең, қарсылығым жоқ. Жөн көрсең, ертеңнен бастап, Губерния департаментіне барып, газетке рұқсат алайық, тіркетейік- деген Ахаң.
Сол жерде Міржақып газеттің аты қалай болуы керек екенін, айына қанша рет шығу мүмкіндігі болатынын, қай баспаханада газетті бастыруға болатынын, газетті бастыратын қағазды қайдан алуға болатынын , яғни газет шығаруға байланысты барлық өзекті мәәселелерді екеуі түн ортасына дейін талдаған.
1913- жылдың қаңтары. Міржақып пен Ахаң уәделі күні таңертең газетті тіркету мәселесімен Орынбор губерниясының ішкі істер департаментіне барған. Бөлім чиновнигіне 1905- жылы жарияланған Патша Декретінде айқындалған, Ресей Ішкі істер министрінің "Бұратана халықтардың өз тілдерінде газет, журнал шығаруға құқығы берілгенін" анықтайтын шешімін , Орынбор департаментіінің чиновнигіне көрсетіп, А.Байтұрсынов 1908-жылы "газет шығаруға рұқсат алған құжатын көрсеткен. Орыбор чиновнигі Міржақып пен Ахаңа
"Газет шығару жөніндегі ӨТІНІШТІ қайта жазу керектігін, Ол газеттің атын көрсетіп, қай баспаханада басылатынын, айына қанша рет шығатынын, учредителі кім екенін, газеттің мазмұнына және оларды цензурадан кім өткізіп, жауапты болатынын, айқындап жазып әкелу керектігін» айтқан.
Ахаң мен Жахаң Орынбордағы Каримовтың баспаханасымен айына төрт рет газет басып шығаруға келісім жасады. Одан кейіін Ахаң мен Жахаң біраз ойласып, газеттің атын "ҚАЗАҚ" деп атауға келісті.
Ертеңіне Ахаң мен Жахаң газеттің аты "қАЗАҚ" деп аталатынын, оны Каримовтың баспаханасында бастыруға келісім жасалғанын,газеттің мақалалары цензурадан өткізіліп тұратынын, газеттің мазмұнына жауапты оның бас редакторы Ахмет Байтұрсынов пен орынбасары Міржақып Дулатов болатынын көрсетіп, "Қазақ" газетін шығару жөніндегі өтінішті орынбор губерниясының департаментіне тапсырған.
Бір аптадан кейін Орынбор губернаторының «газет шығаруға «қол қойған шешімі Ахаң мен Жахаңның қолына тиді. Сол күнгі екеуінің қуанышында шек болған жоқ..
Міржақып Самарадағы Ә.Бөкейхановқа, Ресей Думасының бұрынғы депутаттарына , өзі білетін әр облыстағы қазақ зиялыларына "Таяу арада "Қазақ" газеті шығады!" деп телеграмма жіберген. Ахаң бір апта ішінде Уфа қаласына барып, типографияның ғарып тұратын ұясына лайықталған, өзі өткен жылы жазған "ТӨТЕ ӘЛІПБИІНДЕГІ" 28 ғарыпты (әр түрлі кегльде) әр түрлі көлемде темірге құйдырды. Мысалға, газет төрт бет болып басылатын болса, бір бетте "Ә" ғаріпі жүз рет , және әр түрлі кеглде қолданылуы мүмкін. Сондықтан Ахаң Уфадағы әріп құятын зауытта әрбір ғаріпті жүз данадан жасатты. Ахаң орынборға келгесін газеттің заставкасын жасады. "ҚАЗАҚ" деп жазып, оның жанына шаңырақтың суретін салып, оны тұрақты қолдану үшін темірден ойдырған. Одан кейін Ахаң мен Жахаң екеулеп газеттің алғашқы нөмірінің мақалаларын әзірледі. Ахаң Каримовтың баспаханасына келіп, ғаріп терушілерге ТӨТЕ ҒАРІПТІҢ арап ғаріптерінен айырмашылығын терушілерге екі -үш күн бойы түсіндірді, ақыры төртінші күні "ҚАЗАҚ" газетінің алғашқы нөмірі басылуға дайын болып, жинақталды. Алғашқы нөмірдің корректорлық қызметін Ахаң мен Жахаң кезектесіп атқарған.
Осындай үлкен күш- қайратпен "ҚАЗАҚ" ГАЗЕТІ 1913-жылдың 2-ақпанындажарқ етіп жарық көрді!
Ұлттың тұңғыш кәсіби деңгейдегі "ҚАЗАҚ"газеті сол күнннің өзінде жарнамашы сатушы балалар арқылы мың данасы қалаға тарап кеткен. Бұл -газеттің алғашқы қадамы сәтті болды деген сөз.Ахаң мен Жахаң енді газеттерді Омбы, Семей, Қостанай,Түркістан қалаларына, және ауылдық болыстарға жібере бастаған. "Қазақ" газеті шыққаннан кейін бір аптадан кейін Каримов типографиясының кеңсесінде "Қазақ" газетінің екінші нөмірінің беташары болды. Оған арнайы шақырылған М.Сералин, енді таныла бастаған ақындар М.Жұмабаев,Б.Майлин және газеттің қаржысына мүмкіндіктерінше қаржы қосқан "Ғалия" медресесінің шәкірттері қатысып, ыстық тілектерін білдірген. Самарадағы Әлихан Бөкейхановтан, Оралдағы Домұхамедовтардан құттықтау телеграмма келген."ҚАЗАҚ" газетінің келесі нөмірлерінде жоғарыда есімдері аталған жас ақындардың өлеңдері мен Алаш қайраткерлерінің ел мәселесін қозғаған келелі мақалалары жариялана бастаған. Ахаң мен Жахаң газетке келген әр түрлі тілде жазылған хаттарды редакциялаудан, төте әліпбиге аударудан қолдары босамайтын кез болды. Ахаң қағаздан бас көтере алмай отырған Міржақыпқа қарап :
--"Оян, қазақ!" деп кітабыңмен бастап ең, енді халқыңның көзін газетпен ашасың! "-- деп әзілдеген.. Міржақып алдындағы қағаздан басын көтермей: «Бізде Елге қызмет етуден басқа мұрат жоқ қой! -деп шын жауап берген ді. .Және солай болды да!!! Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың қазақтың сауатын ашып, санасын жаңғырту үшіін жазылған "Қырық мысал", "Маса", "Төте Әліппе" оқулығы, "Оян, қазақ!", "Бақытсыз Жамал", "Азамат" кітаптары қазақ жұртының сауатын ашуда жаңа биікке көтерсе, жазба әдебиетін жаңғыртып, ұлт мәдениетінің еңсесін көтерген. Ал, "Қазақ" газеті оданда биік мақсаттарды жалау етіп, қазақтың келешегі үшін қызмет ете бастады.
1914-жазы айы. «Қазақ» газеті өміршең болып, жеті мың данамен бүкіл қазақ даласына тарай бастаған кез. Келесі нөмірін асыға күтетіндер саны күн сайын өсе бастаған. Газет Омбыға да көп тарапты.Омбыда А.Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың есімін білмейтін қазақ,- татар кемде- кем болды..
Міржақып Түркістанға жүрер алдында өзіне атастырылған Ғайнижамалмен қосылу тойын жасауға Омбыға келген. Жаздың басталған кезі. Ғайнижамалдың ағасының үйінде шағын үйлену тойы болды. Міржықыптың қасына еріп келген досы омбылық Жұмасын келіншегі екеуі Ғайнижамалдың анасы Қанипаға алтын зерлі камзол, шапан жауып, алтын білезік таққан. Тойдың ең кереметі --Міржақып пен Ғайнижамал Омбының ең ірі татар саудагерінің Германиядан алдырған жеңіл мәшинесіін бір сағатқа жалға алып, мәшиненің үстінде тұрып, Омбының бір көшесін айналып шыққан кезде болды. Қала жұртының бәрі шетелдік мәшиненің үстінде тұрған қара сюртук киген, бантик таққан, қара мұртты әдемі жігітпен аппақ ұзын той көйлегін киген сұлу қызды көріп, ұзақ тамашалаcты, таңғалысты. Олар мұндай тойды бұрын көрмеген екен...Тойдан кейін Міржақып пен Ғайнижамал Орынборға келіп, орналасқан...Міржақып «Қазақ» газетіндегі қызметін абыроймен әрі жалғастырды... «Қазақ» газетінің ұраны мен асқақ рухы Алаш Орданың және Алаш партиясының құрылуына жалғасты...Бұл жол --қазақ халқының азаттығының , тәуелсіздігі мен келешегінің АҚ ЖОЛЫ еді.
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,
ақын, жазушы, ҚР құрметті журналисі