Коронавирус: әлем бойынша 216,76 млн адам ауырған

498

29 тамыздағы жағдай бойынша әлемде 216,76 миллион адам коронавирус жұқтырған, оның 193,7 миллионы аурудан жазылып шыққан деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "Worldometer" деректеріне сілтеме жасап.

Сонымен әлемде 216 766 751 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелді, вирустан 508 171 адам қайтыс болып, 193 697 396 адам жазылып шықты.

Пандемия кезінде ең көп жұқтыру жағдайы тіркелген елдер: АҚШ (39 617 417), Үндістан (32 695 030) және Бразилия (20 728 605).

Ал Қазақстанда соңғы тәулікте 5 993 адамның коронавируспен ауырғаны расталды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 779 927.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар