Есептік кезеңде ағымдағы жылдың 7 айында 84 (2020 ж. – 137) қылмыс тіркелген.
Ауыр құрам бойынша 56 қылмыс (2020 ж. - 86), аса ауыр құрам бойынша 5 қылмыс (2020 ж. – 2) тіркелді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қатысты тіркелген қылмыстар саны - 66 немесе 78,3% (2020 ж. -103).
Есептік кезеңде қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлға саны – 147 (2020 ж. - 85), оның 19-ы бірінші басшы:
- 6 облыстық маңыздағы басшы
- 7 аудандық деңгейдегі басшы
- 5 қалалық деңгейдегі басшы
- 1 ауылдық деңгейдегі басшы
Есептік кезеңде «жүйелі» сыбайлас жемқорлықтың 8 дерегі анықталды. Кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 22 тұлға әшкереленді, 31 қылмыс тіркелді, 4 қылмыстық іс сотқа жолданды, 1 тұлға бас бостандығынан айрылды.
Есептік кезеңде бақылаушы органдардағы лауазымды тұлғалар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың 10 дерегі анықталды (24 қылмыс), 29 лауазымды тұлға қалмыстық жауапкершілікке тартылды, 9 кәсіпкерлік субъектілердің құқықтары қорғалды.
Мемлекеттік бағдарламаларды қолдау аясында – 18 қылмыс немесе 11 негізгі қылмыс тіркелді, оның 6,6-сы ӨБК (өнімді бөлу туралы келісім) жанында (2020 ж. – 32, негізгі 14), 2-еуі «Өңірлерді дамыту - 2020», 7-еуі білім беруді дамыту, 5-еуі «Бизнестің жол картасы», 2-еуі «Денсаулық», 1-еуі «Нұрлы жер», 1-еуі «ҚР индустриялық-инновациялық дамуы» аясында. 17 тұлға жауапкершілікке тартылды, келтірілген залал 133,3 млн. теңгені құрады, 113,1 млн. теңге өтелді.
Лауазымды тұлғалардың көлеңкелі экономика субъектілеріне көрсеткен қамқорлық дерегі бойынша 6 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркелді. 4 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Коррупцияға қатысты 2 қылмыс айыптау актісімен жіберілді.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың сомасы 812,5 млн. теңгені құрады. 792,1 млн. теңге өтелді, ол барлық залалдың 97,5 %.
Есептік кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық дерегін хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен 3 адамға 612 570 теңге сыйақы берілді (2020 ж. – 6 адам 1 078 180 теңге сомаға).
ҚР ҚІЖК 200-бабында көрсетілген алдын алу әдістерімен ықпал ету арқылы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыстың мемлекеттік мекемелеріне мемлекеттік қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы 56 ұсыныс енгізілді, оның 42-сі қаралып, 28 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды (8 ескерту, 13 сөгіс, 3 қатаң сөгіс, 2 лауазымнан босату, 2 жұмыстан шығару).
Қойылған міндеттерге сәйкес біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша жоспарлы, ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз, «ANTIKOR LIVE» жобасы шеңберінде 19 кездесу өткізіліп, 19 ұсыныс қаралды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз