Павел Казанцев тіл туралы: Елде бұл мәселеге қатысты проблема жоқ

3319
Adyrna.kz Telegram

ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев елдегі этносаралық келісім, тіл мәселесіне қатысты ойымен бөлісті. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Этносаралық келісім, тіл мәселелері туралы ойыммен бөліскім келеді. Біздің елде бұл мәселе бойынша проблемалар жоқ. Әртүрлі ұлт өкілдері әрқашан бір-бірімен бейбіт өмір сүрді, өзара түсінісуде ешқашан проблема болған емес. Қазақ тілі үлкен рөлге ие болуда. Әртүрлі ұлт өкілдері үшін бұл өмірдің ажырамас бөлігі. Қазіргі кезде Қазақстанда тұрып жатқан өзге этнос өкілдерінің қазақ тілінде еркін сөйлеуі таң қалдырмайды. Мұның бәрі эволюциялық жолмен, мәжбүрлеусіз жүріп жатыр", - деп жазды ол.

Ол Қазақстандағы этносаралық жағдайға алаңдап отырғандарға ілеуде біреу кездесетін оқиғалар жағдайды тұтастай сипаттамайтынын айтты.

Біз бір-бірімізбен бейбіт өмір сүрдік, алдағы уақытта да солай жалғаса бермек, - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер