Шегіртке десе несіне ренжисіңдер, өтірік емес қой...

6887
Adyrna.kz Telegram
Біздегі әншілер мен сайқымазақтар расында шегіртке десе шегіртке ғой. Бұлардың сауатсыздығы көзге ұрып тұрады. Ізденбейді, қоғамның жан дүниесін ұқпайды.
Қоғамның ақшасын қалтасына басып, жылтырап жүргені біздің тоғышар тобырларға өте қызық. Бұларда құндылық деген қалмапты. Инстада 100 мыңдаған адам Тұрсынбекті қолдап отыр. Кешегі тірлігі үшін Тұрсынбекті де ақтап алуда. Бұлардың саны да өте көп екен.  Әсіресе, әншілер командасы Тұрсынбекті жабыла ақтап, кешегі өтірік қойылым жасаған репетиторды жауапқа тарту керек дегеніне мырс ете қалдым. Тоғышар тобырлар тұрғанда, қазақ еліне бақ қонбайтын сияқты. Мәселе билікте, Тұрсынбекте ғана емес, мәселе тоғышар тобырлардың аса көптігінде. Өздерің қандай болсаңдар, сендерді солай басқарады деген рас.
Тек, елге шынайы жанашыр ұлтшыл азаматтарға қатты жаным ашиды.
Қазақ қоғамының тоғышар тобырларының бәрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы емес, керісінше жанын беріп қолдайды. Сендер 30 елдің қатарына кіреміз деп жүрсіңдер. Шегіртке десе несіне ренжисіңдер, өтірік емес қой...
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер