"Алатау" дәстүрлі өнер театрында жеңімпаздар анықталды!

2785
Adyrna.kz Telegram

Абай – қазақтың темірқазығы. Ақынның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасын насихаттау – ұрпақ парызы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев – өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Қазіргі өркениетті мемлекеттердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғаларымен мақтана алады. Олардың қатарында саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қолбасшылар, ақын-жазушылар, өнер және мәдениет майталмандары бар. Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Абайдың орны ерекше... Қытай дегенде Лао-цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек. Өзге жұрт «Қазақ халқы – Абайдың халқы» деп бізге ілтипат білдіріп отырса, зор мәртебе болары анық», – дейді.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бастамасымен аталмыш басқармаға қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театры (Театр директоры – Ринат Рифхатұлы Заитов) Абай Құнанбайұлының терең гуманистік идеяға құрылған шығармашылығын дәріптеу мақсатында 10 тамыз – Абай күніне арналған республикалық деңгейдегі 2 онлайн байқау өткізді (7-12 тамыз аралығында).

1) «Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй» атты республикалық онлайн байқау (Абай әндерін орындаудан кәсіби дәстүрлі әншілер арасындағы байқау)

Жеңімпаздар лайктайм арқылы анықталды.

Диас Мұратхан (Бас жүлде - 500 000 теңге )
Амангелді Серікбекұлы (I орын - 300 000)
Жасұлан Тәжиев (II орын - 200 000)
Маржан Әптербек (III орын - 100 000)

2) «Абай жолы» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық онлайн байқау (Сайысқа Абай жолы роман-эпопеясындағы кейіпкерлердің
есімдерімен аттас 5-16 жас аралығындағы балалар ғана қатысты)

Жеңімпаздар әділқазылар алқасы арқылы анықталды.

Әділқазылар алқасы: Қуаныш Жұмабекұлы
PhD докторы, "Алатау" дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің басшысы
Айнұр Ахметова
PhD докторы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері
Ерден Жақсыбек
Актер, Маска шоу жеңімпазы

Әбдірахман Ринатұлы (Бас жүлде 300 000 теңге)
Шыңғыс Асығатұлы (I орын - 200 000)
Тоғжан Серікбай (II орын - 150 000)
Тоғжан Сқақ (III орын - 100 000)

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің басшысы

https://www.instagram.com/tv/CSgRt70Ar5y/?utm_medium=copy_link

 

Пікірлер