"Жарқын болашақ" түзету орталығы

106

Шымкентте ашылған «Жарқын болашақ» түзету орталығына бір жыл. Мекеме аз уақыттың ішінде аутизммен ауыратын балаларды қатарларына қосуға атсалысып келеді. Орталыққа Израиль Мемлекетінің Қазақстан және Қырғыстан Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельман арнайы келді. Тың жобамен танысып өз бағасын берді.

Лиат Вексельман Израйл мен Қазақстан арасындағы көптеген жобаларға мұрындық болып келеді. Тек денсаулық сақтау саласы ғана емес балалардың еңбекке баулу, ауылшаруашылығына жаңа технологияларды ендіру ісінде белсенділік танытуда. «Жарқын болашақ» түзету орталығы мамандарын Израйлде біліктілігін арттырыруға, грант бөлуге септігін тигізген.

Лиат Вексельман, Израиль Мемлекетінің Қазақстан және Қырғыстан Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Я познакомилась центром Мен Шымкенттегі осы орталықпен толық таныстым. Даму бар көріп қуанып тұрмын. Мекеме басшысына алғысымды білдіремін. Анайы білім беріп балаларға мүмкіндік туғызып жатыр. Осы жобалар үшін арнайы бізден грант бөлінуде. Қайтарымсыз қаржыға психологтар, педогоктар ие бола алады. Олар Израйлда білімін жетілдіріп жаңа жобаларды жүзеге асырып жатыр.

«Жарқын болашақ» түзету орталығы 2015-ші жылы Семей қаласында ашылған. «Ерекше әлем» қоғамдық қорының құрылтайшысы Арайлым Әлімжанованың жеке қаржысына салынған. Орталықта  аутизм тіл кемістігі бар балалар ем қабылдайды. Білікті мамандар сенсорлық интеграция,  адаптивтік дене шынықтыру арқылы балғындарды өз қатарына қосады. Шымкенттегі өкілдік бір жылдың өзінде оң нәтиже беруді.

Арайлым Әлімжанова – «Жарқын болашақ» түзету орталығының директоры

Филиал ретінде аштық Шымкентте «Жарқын болашақ» орталығын ашқанымызға бір жыл болады. Бір жылдың ішінде нәтижелерге жеттік деп айта аламыз 14 маман бар әлеуметтік медицина қызметкерлері бар.

Шымкенттегі орталықта 50 ден астам балалар ем қабылдауда. Білікті мамандар тіл кемістігі бар балаларға жаңа жобамен тәлім береді. Сәбидің интелектісін дамытуға сүбелі үлес қосады.

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы