Өткен тәулікте 7747 адамнан коронавирус анықталды

2531
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/89c7451d-dddd-4f67-835f-109753fdf744.jpeg
Кейінгі тәулікте Қазақстанда қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. "Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 11 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 747 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 664 524 жетті", - делінген хабарламада. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 1384, Алматы қаласында - 1510, Шымкент қаласында - 515, Ақмола облысында - 276, Ақтөбе облысында - 364, Алматы облысында - 300, Атырау облысында - 460, Шығыс Қазақстан облысында - 244, Жамбыл облысында - 135, Батыс Қазақстан облысында - 169, Қарағанды облысында - 1127, Қостанай облысында - 264, Қызылорда облысында - 204, Маңғыстау облысында - 218, Павлодар облысында - 297, Солтүстік Қазақстан облысында - 159 Түркістан облысында - 121.
Комментарии