Нұр-Сұлтанда құрылысшылардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды (видео)

3752
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда құрылысшылардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жанжал болған жерден түсірілген кадрлар Instagram желісінде жарияланды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АСТАНА | НУРСУЛТАН 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.astana) 

Елордалық полиция департаменті әлеуметтік желілердің мониторингі кезінде құрылыс алаңында жұмысшылар арасында төбелес орын алғанын хабарлады.

"Оқиға 6 тамызда күндіз Ш.Қалдаяқов көшесіндегі құрылыс алаңының аумағында болғаны анықталды.  Құрылыс бригадалары арасында ауызша жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға кезінде 102 арнасына ешқандай қоңырау түскен жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр", деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан ДП баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер