Қазақстандық ару халықаралық сұлулық байқауында жеңімпаз атанды

5311
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/7f050845-2766-4d08-841c-1c9dec6e9ebb.jpeg
Отандасымыз Дина Әмір ең ірі халықаралық сұлулық байқауларының бірі Miss World International-да Miss Pro Universe номинациясының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Сұлулық байқауы 8-11 тамыз аралығында Майамиде (АҚШ) өтті.
«Эмоциямды айтып жеткізе алмаймын. Өте қызықты болды. Мұндай байқауға бірінші рет қатыстым»,– деп әсерімен бөлісті ару.
Айта кетейік, Дина Әмір Шымкент қаласында дүниеге келді. Бойжеткен осыдан 1,5 жыл бұрын АҚШ-қа қоныс ауыстырған.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии