Цой: Коронавирустан қайтыс болғандардың 97,7%-ы вакцина алмағандар

3325
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында вакцина салдырғандар арасында індеттен көз жұмғандар туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Qazaqstan» ұлттық арнасына сілтеме жасап.

«Вакцинацияның тиімділігін бағалау барысында аурудың 99,9 пайызы вакцина алмағандарға тиесілі екендігі анықталды. Бұл ретте вакцинациядан кейін ауырғандардың үлесі 0,1 пайызды құрайды. Осы орайда өлім-жітімге де тоқталған жөн. Қайтыс болғандардың 97,7 пайызы - вакцина алмағандар, 2,3 пайызы - екпе салдырған науқастар (олардың ауыр созылмалы аурулары болған), - деді министр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер