Кез келген мықты ердің артында мықты әйел тұрады

3515
Adyrna.kz Telegram
1890-жылдары Детройттың (АҚШ) бір компаниясында бір жас механик күніне 10 сағаттан, аптасына 11$-ға жұмыс жасап жүрді. Ал үйіне келген соң  сарайына кіріп түн ортасына дейін двигательдің жаңа түрін табамын деп тағы әуреленетін.
Оның бұл ісін ата-анасы құр әуре санап, көршілері сыртынан шекелерін шұқып, басы кеткен, ақымақ деп есептеуші еді. Қысқасы, оның айналысып жүрген шаруасынан бірдеме шығады деп ешкім сенбейтін.
ЕШКІМ СЕНБЕДІ,
ТЕК ӘЙЕЛІНЕН БАСҚАСЫ!
Ол күйеуін жай ғана қолдап қоймай, түні бойы жанында болып, май шамын ұстап, шай-тамағын әкеліп көмектесетін.
Арада апта емес, ай емес бірнеше жыл өткен соң сарайдан гүріл естілді. Бұл жолы далаға атып шыққан көршілерінің өздерінің бастары кетіп қала жаздады. Жолмен үстінде әлгі ,,ақымақ" әйелімен отырған атсыз арба жүйткіп бара жатты. ,,Ақымақтың" аты-жөні Генри Форд еді.
Ондаған жылдардан соң автомагнат, миллиардер Г.Фордтан журналист:
-Басқа өмір болса кім болғаныңды қалар едің?- деп сұрағанда Форд:
- Кім болсам, ол болайын, қасымда әйелім болса болды",- деген екен.
,,За каждым успешной мужчины стоит сильная женщина"
. В.Пелевин.
Рамазан АЖНИЯЗОВТЫҢ
фейсбук парақшасынан
Пікірлер