Мүгедек қызды зорлаған: 47 жасар ер адам күдікке ілінді

2310
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда мүгедек қызды зорлады деген күдікпен 47 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға 8 тамызда болған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АСТАНА | НУРСУЛТАН 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.astana)

"Сағат 21:00 шамасында Сарайшық, 5/1 мекен -жайында дүрбелең болды, дейді куәгерлер. 40-50 жастағы ер адам мас күйінде мүгедек, тіпті сөйлемейтін қызды зорламақ болған. Ол церебральды сал ауруымен ауырады", - делінген хабарламада.

Айтуларынша, көршілері полицияға хабарласқан, олар күдіктіні ұстап, сараптамаға алып кеткен.

Бұл оқиға қалалық полиция бөлімінде түсіндірілді.

"Полицияға белгісіз ер адам кіре берісте 29 жастағы әйелді зорлады деген хабарлама келді. Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды," деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан ДП баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер