Қазақи киінген жастарды сүйістірген парақша желіде қызу талқылануда

7898
Adyrna.kz Telegram

Instagram желісінде қазақи киінген жастарды сүйістіріп, ЛГБТ туын қазақ қызына ұстатқан суреттерді салған парақша қызу талқыға түсуде, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Белсенді ел азаматтары Қайрат Құдайберген, Дәулет Төлеутайұлы бұл парақшаға шағым тастап, біріге жауып тастауды дәріптеуде.

Ал пікірлер бөлімінде суретті көрген халықтың ойы екіге бөлінді. Бірі сурет авторына, "қазақылықты ойын еттің", "мұның жат қылық", "ерсілік", "ұят нәрсе", "не деген сұмдық!", "оңбаған", деуде.

Енді бірі "шағым тастау үшін кіріп едім, суреттерің әдемі екен", "өнерде тұрған ешнәрсе жоқ", "қазақы киімдерді қазіргі заманмен ұштастырыпсыз", "керемет" деп қолдау білдіруде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер