Финалда талып қалған спортшы есін жиғаннан кейін Олимпиада чемпионы болғанын білді (видео)

3945
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/db850aef-61f2-44ab-a22b-dfd62177a02a.jpeg
Ирандық каратеші Саджад Ганджзаде 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиаданың чемпионы атанды. Ол финалдық жекпе-жекте нокаутқа түсіп, жеңіске жеткенін есін жиғаннан соң білді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ганджзаде Сауд Арабиясының өкілі Тарек Хамедимен "алтын" үшін күрескен болатын. Кездесу 4-1 есебімен аяқталды. Сонымен қатар, Хамеди ирандықты нокаутқа түсірді. Талып қалған спортшыны медицина қызметкерлері бірден зімбілмен алып кетті. Жекпе-жек барысында Хамеди Ганджзаденің мойнына тыйым салынған соққы жасағандықтан, жеңіс ирандық спортшыға берілді. https://youtu.be/SZAQOevtnzU

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии