Дариға Назарбаева Атыраудағы «Қамқорлық» оңалту орталығының жұмысымен танысты

1361
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысына жұмыс сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева келді. Сапар барысында ол, өңірдің бірқатар маңызды әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2020 жылдың 1 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының «Қамқорлық» қорының бастамасымен Атырау облыстық балалар ауруханасы базасында балаларды оңалту орталығы ресми түрде ашылды. Орталық жұмысын 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап атқаруда. Орталықта балаларды оңалтуға арналған 50 төсек орын бөлінген. Оның 25-і тәуліктік және 25 төсек күндізгі стационарға қарастырылған.

Мұнда невролог дәрігері, 2 реабилитолог, үйлестіруші, физиотерапевт, эрготерапевт, 6 Емдік дене шынықтыру (ЛФК) нұсқаушылары, 2 психолог, 2 логопед, 2 дефектолог, 4 медбике жұмыс істейді. 2021 жылдың басынан бері орталықта 315 бала оңалтудан өткен. Оның ішінде, 160 бала тәуіліктік, 155 бала күндізгі стационарда,- деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев.

Жұмыс сапары барысында, Дариға Назарбаева облыстық кардиоорталықтың да жұмысымен танысты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер