Өңірде вакциналау жұмыстары қарқынды жүргізілуде

1469
Adyrna.kz Telegram

1 ақпаннан бастап бүгінге дейін өңірге вакцинаның 111 200 дозасы жеткізілді.

Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдуәлиев онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірге жеткізілген вакцинаның 68 411 (61.5%) дозасы игерілген. Оның ішінде «Спутник-V» вакцинасы 63 303 адамға, «QazVac» 1 088 адамға, «Hayat-Vax» 4 020 адамға егілді.

Сондай-ақ, 16 маусымдағы вакциналар қалдығы – 42 789 доза.

18 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін облысқа барлығы ІІ компонентті вакцинаның 79 200 дозасы жеткізілді. Олардың ішінде 62 700 «Спутник V» вакцинасының дозасы, 7 500 «Hayat-Vax», 2 000 QazVac және 7000 доза Сorona Vac вакцинасы, – деді Асхан Байдуәлиев.

Айта кетейік облыс бойынша, вакциналардың II компонентімен егілгендер саны – 25 241 адам.

Пікірлер