Сапарбаевтың орынбасары коронавирустан қайтыс болды

3901
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/a9b96399-e71e-4a5c-958f-8fc8d722813c.jpeg
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың орынбасары Ұлан Жазылбек коронавирустан қайтыс болды. Ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Ол 1962 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша және 2009 жылы Д. А. Қонаев атындағы университетін "заңгер"мамандығы бойынша тәмамдаған.
Айта кетейік, Ұлан Еркінұлы өткен жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии