Қырғызстанның экс-премьер-министрі қамауға алынды

3541
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/34fdf91f-1ea5-4b08-b014-41ff753ebb15.jpeg
Қырғызстанның экс-премьер-министрі Темір Сариев Құмтөр кенішіндегі жемқорлық ісі бойынша ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Тергеу әрекеттері мен іс бойынша алынған дәлелдемелердің нәтижелеріне сүйене отырып, 3 тамызда Сариевті ұстау туралы шешім қабылданды. Ол ҰҚКҰ тергеу изоляторына қамалды»,– делінген хабарламада.
Айта кетейік, алдағы 48 сағатта Бірінші Май аудандық соты Қырғыз елінің экс-министріне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін қарастыратын болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии